Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

    Анықтамалар жоқ

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

07.02.12 00:59Молдағалиев Тұманбай
Сәлеметсіздер ме! Менің бір сұрағым бар еді. Тұманбай Молдағаливетің дін жағыанан сауаты қаншалықты жоғары...
06.02.12 12:34Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
Kew jarik!..magan unadi kop raxmet..
05.02.12 23:02ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
Кәсіби білігі жоғары, текті азамат. Жеке басым жоғары бағалаймын, әрі сырттай тілектеспін. Ағалық көңілім...
05.02.12 17:32Жұбан Молдағалиев
Рахмет!
31.01.12 17:15Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
Көп рахмет)
28.01.12 16:54Жұрынов Мұрат Жұрынұлы
Сіздің Ғылымға қосқан үлесіңіз ұшан теңіз. Еңбегіңізге жеміс тілеймін.
28.01.12 14:09Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
Ел басқара алатын, қазақ ұлты үшін туған біртуар азаматтардың бірі деп санаймын. Өкінішке орай мұндай...
28.01.12 09:48Санжар Асфендияров
салеметсіздерме!алла каласа мен биыл спорт мектебін бітіремю бітіре сала сіздерге СЭС факультетіне тускім...
27.01.12 18:42Қажымұқан Мұңайтпасұлы
ӘОЖ:316:37.037:796/799 М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ СПОРТТЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ  ҰСТАНЫМЫ                          ...
27.01.12 18:36Қажымұқан Мұңайтпасұлы
М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ, АҒАРТУШЫ, ТАРИХИ БАҒЫТТАРЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ Қуатбеков Ш.Н. Қорқыт Ата атындағы...
27.01.12 18:17Қажымұқан Мұңайтпасұлы
ӘОЖ: 378:351.855.3:377.3/.4 М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ «ҚАЖЫМҰҚАН»  ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ҰСТАНЫМЫ                                ...
27.01.12 18:04Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ
Бұл еңбектің ерекшелігі ғылымнамалық ұлы еңбек бола алуындағы себеп - тек қана шипагерліктің шын мәніне...
27.01.12 17:57Жошы хан
Class!Super-puper!
27.01.12 17:04Қажымұқан Мұңайтпасұлы
Қазақ спорты ұлы палуан Қажымұқанның өнегелі жолдырын зерттеуші, қазақ спортының тұңғыш ғалымы профессоры,...
26.01.12 12:58ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
Сәлеетсізбе! Калыңыз қалай? Сіздің айтып отырғандарыңыз өте орынды және бізге керек нәрсе. Осы...
26.01.12 09:45Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
мұндай адамдар өмірде аз
24.01.12 21:57Алтынсарин Ыбырай
Ыбырай Алтынсарин.......сөз жоқ кереметт
24.01.12 07:16Қажымұқан Мұңайтпасұлы
мен де Қажұқан сияқты алып куштін иесі болғым келеді
23.01.12 18:21Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
Қала Ұлт азаматы Иманғали Тасмағамбетовке Ажар берген о, баста Алла ғана, Ару қала, бұл қала, алма қала!...
22.01.12 22:13Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол біздің хан.Осындай күнге жетуіміз ең әуелі Алла,одан соң елбасымыздың...
21.01.12 12:02Роза Тәжібайқызы Бағланова
Роза Тәжібайқызы Бағланова өте керемет әншщі болған.Оның дауысы бұлбұлдың нәзік дауысындай болған Роза...
20.01.12 18:02Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
менінше Нұрғиса Тілендиев атамыз қазақ топырағына,жеріне өшпес із қалдырды
17.01.12 11:58Алтынсарин Ыбырай
Өте керемет өлеңдер......................бірақ Мұқағалидікі ЛУЧШЕ
16.01.12 17:16Бәйсейітова Күләш
бұл жақсы өмірбаян
15.01.12 16:09_"Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті
ассаляму алейкум уа рахматуллах,филология мамандығында грант бар ма,исламтануға қандай пән тандайды,грант...

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

0 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

6 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Даулетбаев Абайділдә Сыздықұлы

Бағланова Роза

Ысмайылов Әубәкір

Байтоқанова Алтынай

Сара  Тыныштығұлова

Мүсірепов Ғабит

Тоқтар Әубәкіров

Төлегенова Бибігүл

Мұқанов Сәбит

Кенесары Қасымұлы

Мұсаходжаева Айман

Байтоқанова Алтынай

Жұмабаев Мағжан

Қабышұлы Ғаббас

Қалихан Ысқақ

Статьи.

Әлия Молдағұлованың жерленуіне қатысты тың деректер шықты

Кино демекші, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова туралы фильм бар еді. Киноны көр де, батыр қыздың кеңестік саясатқа сай жазылған өмірбаянын көр. Ал, шынайы тарих басқаша көсіледі. Әлияның әкесі кім еді, ол не үшін қаза тапты? Қазақ қызының жастай жетім қалуына кім кінәлі? Сұрмерген соғысқа қалай тап болды? Қандай ерлік көрсетті? Қалай мерт болды? Қайда, қалай жерленді? дегенге келсек, «менмұндалап» жатқан айғақ жетерлік. Бірақ, соны зерттеп-зерделеп жатқан ғалым бар ма? Алматы мен Астанағы ғалымдар үшін Әлияның, тіпті, 2-ші дүниежүзілік соғыс тарихының кей тұстары әлі күнге дейін жан баспаған арал күйінде қалып отыр. Бұл міндет тек аймақтардағы өлкетанушылардың мойнына жүктелген сыңайлы. Осыдан кейін, қазақ қана емес тұтас жарты құрлық «шығыстың қос шынары» деп атаған Әлия мен Мәншүк тарихының парақтары жұтаң тартпай қайтсын?

Тілшіміз Азамат Кеңесұлы көзкөргендерге жолығып, қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, батыр қыздың тарихына журналистік тұрғыда үңіліп көрді. 1943 жылдың қарашасында Әлия Холм түбінде барлау соғысына қатысқан. Бұл соғыс тәсілі немістерден «тіл» алу мақсатында жүргізілетін. Қазақ қызы солдаттармен бірге немістердің траншеясына басып кіріп, 5 немісті тұтқындаған. Қыздар (Лия, Надя, Валя) қолма-қол ұрысқа жасқанбай кірісті. Қаңтардың қақаған аязында Насва стансасы үшін қырғын шайқаста 19-дағы өрімдей қыз жаңбырша жауған оқтың астында сиреп қалған қаруластарын 6 рет шайқасқа өзі бастап шыққаны рас.

Ресейдің Псков облысы Новосокольники жері. Қазақтың қаршадай қызының қаһармандығы айқындалған соғыс алаңы сол жер болды. Дәл осы жерде 1944 жылы 14 қаңтарда Новосокольники ауданы Казачиха деревнясын азат етуде Әлия Молдағұлова ғасырларға жалғасқан аңыз қалдырды. Бұл Әлияның соңғы соғысы еді.

Ғалымжан Бәйдербес, «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Советтік идеологияда батыр не болса да ерлікпен дер кезінде өлу керек деп шешкен. Негізінде зерттей келе Әлия сол шабуыл кезінде қатты жарақаттанады. Бірақ оны қасындағы Яновлева, Нажеда Матвеевна, Зинаида Поликова деген үш қыз және Поликованың күйеуі Попов деген азамат плащ палаткаға салып, Әлияны көп солдаттар жатқан жерге апарып қайтып келе жатырғанда сол жерге бомба түседі. Әлия сол жерде қайтыс болады. Енді ол жөнінде бізге көпке дейін айттырған жоқ. Бірақ, 1980 жылы Зинаида Поликова деген Алтай өлкесінде тұратын Әлияның майдандасына хат жолдағанда. Ол осылай қайтыс болды деді. Оған кейбіреулер қарсы шықты. Дегенмен шындық осы.

Соғыс жағдайында Әлияға бір үйдің ауласынан топырақ бұйырады. Кейін қайта қазып, «баурластар бейітіне» екінші мәрте жерленген. Бұл біз білмейтін тарихтың белгісіз парақтары. Ресми идеология Әлия қазасына қатысты деректерді тым саясиландырды. Окопта жау солдатымен кездесіп қалып, Әлия винтовкасын алғанша, фриц атып жіберді деді. Яғни Әлия окопта өлді.

Кеңес үкіметі кезінде түсірілген «Снайперлер» фильмінде де осылай баяндалады. Талай буын тамсанатамашалап келген туынды тым жұтаң. Бұл жұтаңдық мұражайларда да байқалады.Қай музейге бас сұқпа, экскурсия жүргізушілер әңгімесі екі ауыз сөзбен шектеледі.

Әл-Сафа Қайыржан, Президент мәдениет орталығының маманы

Жетім өскен .Туған нағашысында тәрбиеленіп, Ленинградта оқып жүргенде өзі сұранып майданға кеткен.

Музейге мін таға алмаймыз. Себебі, батыр тарихын баяндайтын, зерттейтін тарихшылар талпынысы тым әлсіз. Бәлен күн хабарласып, басқасын айтпағанда Алматы мен Астанадан сол соғысты зерттеуші бір ғалым таппай, қайран қалдық. Сонда млн-ға жуық қазақтың тағдыры байланысқан кезең жабулы қазан күйінде қала бермек пе? Олардың тарих алдындағы парызын өтейтіні қайда?

Әлия туралы шындық баяндалар кино түсірер жоспар да жоқ әлі. Киногерлер оны -туындының толғағы жетпегенімен байланыстырады.

Дидар Амантай, «Қазақфильм» ҰК Бас редакторы

БАҚ-да пайда болған кез-келген ақпаратты тез арада киноға түсіру біздің мұратымыз емес.Өйткені,онымен газеттер айналысады. Жаңа деректер табылса, оны бірден образды түзетуге жұмсауға, соған пайдалануға асығудың қажеті шамалы. Біз тарихи кітап жазып жатқан жоқпыз. Киноның өзінің заңдылығы бар. Бізге ең басты мәселе-отан үшін адам болғандығы.

Демек, тарихи жалған туындымен көрермен қанша уақыт алданатыны әлі белгісіз.Тарихшылардан талпыныс болмағасын, мектеп оқулықтарында да Әлия туралы жалған ақпарат жүр. Ол бір төбе әңгіме!

Бір жағынан 19 жыл ғана өмір сүрген қыршын жастың өмірбаянын қайтіп толтырасың? 6 жасында анасы оққа ұшып өлсе, соңынан ерген 3 жастағы бауыры Бағдаттан айрылса, әкесі Сарқұл байдың баласы, Алашордаға ниеттестігі үшін қуғынға түссе? Ол да бір бейкүнә балалығын ұрлаған қызыл жүйенің кезекті бір құрбандығы еді. Р.Рымбаева осыдан 35 жыл бұрын 19 жасында «Әлия» әнімен батыр рухын қайта тірілтті. Бірақ, ол кезде әнші Молдағұлованы патриотизмнің асқақ тұласы ретінде баяндаса, қазір оған қасіретті тұлға ретінде қарайды.

Роза Рымбаева, ҚР Халық артисі

Себебі, 19 жасар өмірін қиған қыз. Ол дегеніңіз 19 жасында қару ұстамау керек. Ғашық болу керек, ол сүю керек бір адамды. Ол тұрмысқа шығу керек. Қазіргі кезде дегенмен батырлығынан гөрі, өмірінің қиылғанына өкіну, ашыну бар. Қазір әнге көзқарасым сондай. Ол ана болуы керек еді.

Ауқаттыларды қудалау науқаны, артынан елге соққан аштық, соның кесірінен туған жерінен 6 жасында кеткен Әлия (шын есімі Ылия) Сарқұлова – Молдағұлова балалықтың бал дәмін терең сезіне алды ма екен? Оны қызыл жүйе жетім етті. Жоқшылықты, қудалауды көп көрген ұрпақтың перзентіне осындай тағдыр бұйырды. Қудалаған жүйе 16 жастан сәл асқанда, қырғын майданға жіберді. Отқа итерді. Өлгеннен соң қайта тірілтіп, өз идеологиясының қалыбына салып, адамдарға әсер етудің қуатты құралына айналдырды. ХХ ғасыр батырының өмірбаяны осымен тәмам.

Ұзақбай Қауыс, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Әлиятанушы

2005-ші жылы Әлияның 80 жылдығына орай Ресей жері сонау Псков, Казачихаға баруға тура келді. Әлияны зерттеушілер 15 жыл бұрын барған екен. Сонда менің байқағаным 15 жыл өтсе де Казачиха қаласы Әлияны ұмытпаған. Оны Ерліктің символы деп қарайды екен.

Өзгелер көкке көтеріп, ұрпақтан-ұрпаққа дастан еткен қазақтың Әлиясын, сол қазақ ұрпағына қалай өнеге етер екен?! Бұл тек бір батыр қызымыздың шежіресіне қатысты толғау. Ал алда қаншама боздақтарымызға қатысты тарих ақиқаты ел алдына шығуға сұранып тұр!

 

Азамат Кеңесұлы

Дереккөз: "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясының сайты

24.01.2010

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: