Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

    Анықтамалар жоқ

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

07.02.12 00:59Молдағалиев Тұманбай
Сәлеметсіздер ме! Менің бір сұрағым бар еді. Тұманбай Молдағаливетің дін жағыанан сауаты қаншалықты жоғары...
06.02.12 12:34Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
Kew jarik!..magan unadi kop raxmet..
05.02.12 23:02ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
Кәсіби білігі жоғары, текті азамат. Жеке басым жоғары бағалаймын, әрі сырттай тілектеспін. Ағалық көңілім...
05.02.12 17:32Жұбан Молдағалиев
Рахмет!
31.01.12 17:15Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
Көп рахмет)
28.01.12 16:54Жұрынов Мұрат Жұрынұлы
Сіздің Ғылымға қосқан үлесіңіз ұшан теңіз. Еңбегіңізге жеміс тілеймін.
28.01.12 14:09Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
Ел басқара алатын, қазақ ұлты үшін туған біртуар азаматтардың бірі деп санаймын. Өкінішке орай мұндай...
28.01.12 09:48Санжар Асфендияров
салеметсіздерме!алла каласа мен биыл спорт мектебін бітіремю бітіре сала сіздерге СЭС факультетіне тускім...
27.01.12 18:42Қажымұқан Мұңайтпасұлы
ӘОЖ:316:37.037:796/799 М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ СПОРТТЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ  ҰСТАНЫМЫ                          ...
27.01.12 18:36Қажымұқан Мұңайтпасұлы
М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ, АҒАРТУШЫ, ТАРИХИ БАҒЫТТАРЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ Қуатбеков Ш.Н. Қорқыт Ата атындағы...
27.01.12 18:17Қажымұқан Мұңайтпасұлы
ӘОЖ: 378:351.855.3:377.3/.4 М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ «ҚАЖЫМҰҚАН»  ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ҰСТАНЫМЫ                                ...
27.01.12 18:04Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ
Бұл еңбектің ерекшелігі ғылымнамалық ұлы еңбек бола алуындағы себеп - тек қана шипагерліктің шын мәніне...
27.01.12 17:57Жошы хан
Class!Super-puper!
27.01.12 17:04Қажымұқан Мұңайтпасұлы
Қазақ спорты ұлы палуан Қажымұқанның өнегелі жолдырын зерттеуші, қазақ спортының тұңғыш ғалымы профессоры,...
26.01.12 12:58ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
Сәлеетсізбе! Калыңыз қалай? Сіздің айтып отырғандарыңыз өте орынды және бізге керек нәрсе. Осы...
26.01.12 09:45Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
мұндай адамдар өмірде аз
24.01.12 21:57Алтынсарин Ыбырай
Ыбырай Алтынсарин.......сөз жоқ кереметт
24.01.12 07:16Қажымұқан Мұңайтпасұлы
мен де Қажұқан сияқты алып куштін иесі болғым келеді
23.01.12 18:21Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
Қала Ұлт азаматы Иманғали Тасмағамбетовке Ажар берген о, баста Алла ғана, Ару қала, бұл қала, алма қала!...
22.01.12 22:13Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол біздің хан.Осындай күнге жетуіміз ең әуелі Алла,одан соң елбасымыздың...
21.01.12 12:02Роза Тәжібайқызы Бағланова
Роза Тәжібайқызы Бағланова өте керемет әншщі болған.Оның дауысы бұлбұлдың нәзік дауысындай болған Роза...
20.01.12 18:02Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
менінше Нұрғиса Тілендиев атамыз қазақ топырағына,жеріне өшпес із қалдырды
17.01.12 11:58Алтынсарин Ыбырай
Өте керемет өлеңдер......................бірақ Мұқағалидікі ЛУЧШЕ
16.01.12 17:16Бәйсейітова Күләш
бұл жақсы өмірбаян
15.01.12 16:09_"Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті
ассаляму алейкум уа рахматуллах,филология мамандығында грант бар ма,исламтануға қандай пән тандайды,грант...

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

0 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

6 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Әжиев Үкі

Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы

Мұсаходжаева Айман

Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұл

Әбілқайыр хан

Яхия Аубәкірұлы Әубәкіров

Осман Асылы Әлиқызы

Кенесары Қасымұлы

Қабышұлы Ғаббас

Жұмабаев Мағжан

Сейтмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Абылай хан

Мұсаходжаева Айман

Статьи.

Күйге көрсетілген құрмет

Тараз қаласындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернатының ауласынан дәулескер күйші, дарынды композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіш-мүсіні ашылды. Туынды авторлары Болат Құсайынов пен Елдар Исақов күйші бейнесін асқан шеберлікпен сомдап шыққан.

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) – «Алтын таулар» операсы (Қ.Қо­жамьяровпен бірлесіп жаз­ған), «Достық жолымен» балеті (Л.Степа­новпен бірлесіп), оркестрге арналған «Ата толғауы», «Аққу» поэ­маларының, 40 шақты өлеңдер мен романстардың авторы. Ол 100-ге тарта спектакль, көркем және деректі, мультипликациялық фильмдерге музыка жазған.
Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының (1953-1961), Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің (1961-1964) бас дирижері болған. 1981 жылы Қазақ мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» ор­кестрін ұйымдастырып, өмірінің соңына дейін оның жетекшісі болып қалды.
Сондықтан құрылғанына 10 жылдан асқан аталған мектеп оқушылары үшін бұл игі бастаманың ұлағаты мол болары анық. Ескерткіш мүсіннің ашылу салтанатына Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендікеліні мен қызы Дінзухра және күйші мұрасы жанашырларының бірі Оралжан Масатбаев қатысты. Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Төлепберген аяулы майдангер күйші жайында тебірене сөз сөйледі.
Майталман өнер иесінің оркестр алдында шалқып тұрған сәтін еске салатын айшықты мүсіні бұған дейін тек қана Жамбыл баба бейітінің қасындағы күйші қабірінің басында болатын. Сондықтан Жамбыл облысының орталығындағы Нұрғисаның мү­сінін еліміздегі алғаш рет ашылып отырған ескерткіш деуге толық негіз бар.
Осы орайда ұлт өнерінің жанашыры, академик Ахмет Жұбанов 1945 жылы соғыс аяқталуға небары екі ай қалғанда елге демалысқа келген Нұрғисаны сол кездегі республика партия ұйымының бірінші хатшысы Жұмабек Шаяхметовке алып барып, елге домбырашылар қажет деп қолқа салып, алып қалғанын көбіміз біле бермейміз. Сондықтан ескерткіштің Жеңіс мерекесі қарсаңында ашылуы да тегін емес.
Кезінде Парламент Сенаты­ның әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов Қазақстан Республикасы Үкіметінен Нұрғиса Тілендиевтің көзі тірісінде тұрған пәтерін оның мұражайына айналдыруды сұраған еді. Биыл атақты композитор, білікті дирижер әрі домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 85 жыл толып отыр. Ендеше, игі шаралар легі үзілмесін!

 

Алаш ТҰРСЫНӘЛІ

Дереккөз: Ана тілі газеті

20.05.2010 

 

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: