Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 07.02.12 00:59Молдағалиев Тұманбай
- Сәлеметсіздер ме! Менің бір сұрағым бар еді. Тұманбай Молдағаливетің дін жағыанан сауаты қаншалықты жоғары...
- 06.02.12 12:34Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- Kew jarik!..magan unadi kop raxmet..
- 05.02.12 23:02ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
- Кәсіби білігі жоғары, текті азамат. Жеке басым жоғары бағалаймын, әрі сырттай тілектеспін. Ағалық көңілім...
- 05.02.12 17:32Жұбан Молдағалиев
- Рахмет!
- 31.01.12 17:15Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- Көп рахмет)
- 28.01.12 16:54Жұрынов Мұрат Жұрынұлы
- Сіздің Ғылымға қосқан үлесіңіз ұшан теңіз. Еңбегіңізге жеміс тілеймін.
- 28.01.12 14:09Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
- Ел басқара алатын, қазақ ұлты үшін туған біртуар азаматтардың бірі деп санаймын. Өкінішке орай мұндай...
- 28.01.12 09:48Санжар Асфендияров
- салеметсіздерме!алла каласа мен биыл спорт мектебін бітіремю бітіре сала сіздерге СЭС факультетіне тускім...
- 27.01.12 18:42Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- ӘОЖ:316:37.037:796/799 М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ СПОРТТЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ҰСТАНЫМЫ ...
- 27.01.12 18:36Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ, АҒАРТУШЫ, ТАРИХИ БАҒЫТТАРЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ Қуатбеков Ш.Н. Қорқыт Ата атындағы...
- 27.01.12 18:17Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- ӘОЖ: 378:351.855.3:377.3/.4 М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ «ҚАЖЫМҰҚАН» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ҰСТАНЫМЫ ...
- 27.01.12 18:04Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ
- Бұл еңбектің ерекшелігі ғылымнамалық ұлы еңбек бола алуындағы себеп - тек қана шипагерліктің шын мәніне...
- 27.01.12 17:57Жошы хан
- Class!Super-puper!
- 27.01.12 17:04Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- Қазақ спорты ұлы палуан Қажымұқанның өнегелі жолдырын зерттеуші, қазақ спортының тұңғыш ғалымы профессоры,...
- 26.01.12 12:58ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
- Сәлеетсізбе! Калыңыз қалай? Сіздің айтып отырғандарыңыз өте орынды және бізге керек нәрсе. Осы...
- 26.01.12 09:45Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
- мұндай адамдар өмірде аз
- 24.01.12 21:57Алтынсарин Ыбырай
- Ыбырай Алтынсарин.......сөз жоқ кереметт
- 24.01.12 07:16Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- мен де Қажұқан сияқты алып куштін иесі болғым келеді
- 23.01.12 18:21Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
- Қала Ұлт азаматы Иманғали Тасмағамбетовке Ажар берген о, баста Алла ғана, Ару қала, бұл қала, алма қала!...
- 22.01.12 22:13Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол біздің хан.Осындай күнге жетуіміз ең әуелі Алла,одан соң елбасымыздың...
- 21.01.12 12:02Роза Тәжібайқызы Бағланова
- Роза Тәжібайқызы Бағланова өте керемет әншщі болған.Оның дауысы бұлбұлдың нәзік дауысындай болған Роза...
- 20.01.12 18:02Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
- менінше Нұрғиса Тілендиев атамыз қазақ топырағына,жеріне өшпес із қалдырды
- 17.01.12 11:58Алтынсарин Ыбырай
- Өте керемет өлеңдер......................бірақ Мұқағалидікі ЛУЧШЕ
- 16.01.12 17:16Бәйсейітова Күләш
- бұл жақсы өмірбаян
- 15.01.12 16:09_"Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті
- ассаляму алейкум уа рахматуллах,филология мамандығында грант бар ма,исламтануға қандай пән тандайды,грант...
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 0 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 6 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Құпиялы қыз

Қанатын жайған қарлығаштан аумайтын қалпын үлкен сахнадан көрген сайын мойын соза қарап қалатыным бар. Жан-жағымда отырғандар да сөйтеді. Ешкімнің сенімсіздік танытқаны есімде жоқ. Сахнаға ұшатын құстай жеп-жеңіл жетіп келетін қыз көз ілеспес жылдамдықпен әп сәтте бірнеше көйлек ауыстырып таң қалдырады. Бес-алты көйлекті табан астында қайдан шығарады? Қалай киіп үлгереді? Қабаттап киіп тұрған жоқ, ендеше қайда жібереді? Миың жетпейді. Жатқан бір тылсым! Бір уақытта бірінен-бірі өтетін ақ көгершіндерді алақанына қондырып, құшағына басады. Қойнынан кіріп, қонышынан шыққан құс буынсыз қызбен үнсіз тілдесіп, бірге билеседі.
Осындай табиғаты бөлек, сирек өнерді меңгергендер «болмаса да да ұқсап бағып», сыртқа, шетелге еліктемей қоймаушы еді. Жоқ, Алтынай ондай оғаш қылықтан озық. Оның жүрек қағысы, аяқ алысы, көзі, өзі нағыз қазақ тәрбиесін танытып тұр. Иә, сиқыр өнері арқылы қазақтың таза болмысын танытуға болады екен.
Қазақ боп туған адамның қазақша ойлап, қазақша ойнап, қазақша өнер жасағаны қандай сүйкімді. Алтынай Байтоқанова жасандылықсыз табиғи сүйкімділіктің иесі.
Ханды да, қарашаны да халқына, ортасына сүйікті ететін адамдық мінез-құлық пен ар-намыстың мықтылығы. Сиқыршы қызға осы қасиеттер әкенің қаны, ананың сүтімен берілген. Таңғажайып өнерді меңгергенімен, алдау-арбау, екіжүзділік, күні үшін күлімсіреуді әдет қып, қанжығасына өңгермеген.
Ұстазы дүние жүзіне танымал иллюзионист - Игорь Кио.
Алтынай Байтоқанова: «Өзімді «Игорь Кионың шәкіртімін» деп батыл айта аламын. Марқұм сиқыршылық өнердің қыр-сырын маған толық ашпағанмен, негізгі іргетасын қалап кетті. Ұстазыммен он минут сөйлескенің өзі маған бір жылдық азық болатын. Ол өнерге қандай көзбен қарау керек, оны қалай баптап, халыққа қалай жеткізу керек, сол жағын тәптіштеп түсіндірген бірден-бір жан. «Әртіс өзінің тәжірибесін ешқашан сарқып алмауы керек», – дегенді жиі айтатын.
Шынында, цирк я эстрада саласында болсын, көптеген әріптестеріміздің бір-екі жылдан кейін демдері жетпей жатады. Кезінде атақтары жер жарған әртістеріміз осы күні қайда екенін білмейсің. Өйткені, атақпен бірге «жұлдызды ауру», мансапқорлық та келеді, соның бәрінің басын біріктіріп, тұлғалық қасиетіңді сақтай білсең, сахнада тұрақтайсың. Игорь Кио тұлғалық қасиетті қалай қалыптастыру керек, тәжірибені байытып екінші тыныс арқылы халықтың игілігіне қалай асыру керек, сол жағынан көп тәлім береді. Мәскеудегі концерттерінде үнемі мені қасынан тастамайтын. Сонда байқағаным, цирк өнерін шетелде жұрт жоғары бағалайды да, ал бізде жай ғана балаларға арналған өнер санайды. Шетелде цирк әртістері эстрада жұлдыздарымен иықтас тұрады.
Сиқыршы болу өте қиын. Ол үшін үлкен сүйіспеншілік пен шарашамайтын еңбекқорлық керек. Маған кейде 24 сағаттың өзі аз көрінеді. Егер әнші болсаң, онда сен әніңді керемет етіп жаздың, даусыңды қойдың, әдемі көйлегіңді кидің, микрофонды алдың, көзінді жайнаттың, сахнаға шықтың. Міне, сенің еңбегің.
Ал сиқыршы болу үшін, халыққа көрсететін әдемі көйлегіңді, таңғалдыратын істеріңді құпия, құпияның ішіндегі құпия етіп ұстауың керек. Яғни, халыққа сахнада тұрған әдемі қыз болып көрінесің, ал қолыңнан шығатын өнеріңнің бәрі құпия жерде сақтаулы, тығулы жатуға тиіс.
Алдын-ала біреуге байқамай көрсетіп болмаса ойдағыдай жасай алмасаң, яғни құпияңды сатып қойсаң, абыройдан жұрдай боласың. Мысалы, қолыңды желпіп қана гүл шығарғың келеді, сен оған үш-төрт айлап әзірленесің. Мұның бәрі – басыңмен ойлап, секундтық жылдамдықта атқаратын іс. Өйткені, мен сахнада екі-үш секундтың ішінде киімімді ауыстырып үлгеруім керек. Ырғағымды баяулатып, бес-алты секундта киім ауыстырсам, ол мен үшін – катастрофа. Яғни, бұл сиқыршылығың да, әртістік қасиетің де көзден балбұл ұшып, сахнаның қадірін жоғалттың деген сөз».
Пікірлер
- .04.08.10 20:52
“Ынта болса адамда,қыйын іс жоқ ғаламда,”“Арман-адамға қанат,”“Іздеген мұратына жетеді” деген мақалдарды Алтынай өмірінде пайдаланып келе жатқан сияқты.
Мен осындай досым болғанына мақтан тұтамын!!!!!!!!!!!!!!!!


















