Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 07.02.12 00:59Молдағалиев Тұманбай
- Сәлеметсіздер ме! Менің бір сұрағым бар еді. Тұманбай Молдағаливетің дін жағыанан сауаты қаншалықты жоғары...
- 06.02.12 12:34Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- Kew jarik!..magan unadi kop raxmet..
- 05.02.12 23:02ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
- Кәсіби білігі жоғары, текті азамат. Жеке басым жоғары бағалаймын, әрі сырттай тілектеспін. Ағалық көңілім...
- 05.02.12 17:32Жұбан Молдағалиев
- Рахмет!
- 31.01.12 17:15Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- Көп рахмет)
- 28.01.12 16:54Жұрынов Мұрат Жұрынұлы
- Сіздің Ғылымға қосқан үлесіңіз ұшан теңіз. Еңбегіңізге жеміс тілеймін.
- 28.01.12 14:09Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
- Ел басқара алатын, қазақ ұлты үшін туған біртуар азаматтардың бірі деп санаймын. Өкінішке орай мұндай...
- 28.01.12 09:48Санжар Асфендияров
- салеметсіздерме!алла каласа мен биыл спорт мектебін бітіремю бітіре сала сіздерге СЭС факультетіне тускім...
- 27.01.12 18:42Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- ӘОЖ:316:37.037:796/799 М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ СПОРТТЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ҰСТАНЫМЫ ...
- 27.01.12 18:36Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ, АҒАРТУШЫ, ТАРИХИ БАҒЫТТАРЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ Қуатбеков Ш.Н. Қорқыт Ата атындағы...
- 27.01.12 18:17Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- ӘОЖ: 378:351.855.3:377.3/.4 М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ «ҚАЖЫМҰҚАН» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ҰСТАНЫМЫ ...
- 27.01.12 18:04Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ
- Бұл еңбектің ерекшелігі ғылымнамалық ұлы еңбек бола алуындағы себеп - тек қана шипагерліктің шын мәніне...
- 27.01.12 17:57Жошы хан
- Class!Super-puper!
- 27.01.12 17:04Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- Қазақ спорты ұлы палуан Қажымұқанның өнегелі жолдырын зерттеуші, қазақ спортының тұңғыш ғалымы профессоры,...
- 26.01.12 12:58ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
- Сәлеетсізбе! Калыңыз қалай? Сіздің айтып отырғандарыңыз өте орынды және бізге керек нәрсе. Осы...
- 26.01.12 09:45Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
- мұндай адамдар өмірде аз
- 24.01.12 21:57Алтынсарин Ыбырай
- Ыбырай Алтынсарин.......сөз жоқ кереметт
- 24.01.12 07:16Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- мен де Қажұқан сияқты алып куштін иесі болғым келеді
- 23.01.12 18:21Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
- Қала Ұлт азаматы Иманғали Тасмағамбетовке Ажар берген о, баста Алла ғана, Ару қала, бұл қала, алма қала!...
- 22.01.12 22:13Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол біздің хан.Осындай күнге жетуіміз ең әуелі Алла,одан соң елбасымыздың...
- 21.01.12 12:02Роза Тәжібайқызы Бағланова
- Роза Тәжібайқызы Бағланова өте керемет әншщі болған.Оның дауысы бұлбұлдың нәзік дауысындай болған Роза...
- 20.01.12 18:02Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
- менінше Нұрғиса Тілендиев атамыз қазақ топырағына,жеріне өшпес із қалдырды
- 17.01.12 11:58Алтынсарин Ыбырай
- Өте керемет өлеңдер......................бірақ Мұқағалидікі ЛУЧШЕ
- 16.01.12 17:16Бәйсейітова Күләш
- бұл жақсы өмірбаян
- 15.01.12 16:09_"Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті
- ассаляму алейкум уа рахматуллах,филология мамандығында грант бар ма,исламтануға қандай пән тандайды,грант...
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 0 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 6 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
“Жақсылық жасаған адам ұзақ жасайды” – дедi ақын, Халық жазушысы Мұзафар Әлiмбаев
Қазақтың қара домбырасы сияқты қазақтың қара домалақ баласы туралы ойласақ, ұлттық мәдениет, ұлттық тәрбие, отбасы-ошақ қасындағы үлгi-өнеге жайлы толғанбау мүмкiн емес. Ал ол ойдың желiсi, түп тамыры, әрине, баланы өмiрге әкелуi қандай парыз болса, бұл да аналардың мойнындағы тағы бiр ауыр мiндет. Жалпы, ұлт, мемлекет, қоғам болашағы жайлы кез келген мәселе тәлiм-тәрбиеге байланысты дер болсақ, сол қоғамның ойлы да саналы ұрпағын тәрбиелеудегi бүгiнгi аналар бейнесi қандай? Кешегi, бүгiнгi алмағайып заманда аты аңызға айналған алып та, ақылман аналар керуенi көштi қалай сүйреп келедi?
«Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра» демекшi, бүгiнде айтары да, жазары да мол Мұзағаң — Мұзафар Әлiмбаев осы тақырыпта өз пiкiрi, көрген-бiлгендерi жөнiнде былай дейдi:
— Көп жасаған дегеннен шығады, осы жасыма дейiнгi бiр түйгенiм: көп жақсылық жасаған адам өзi де көп жасайды екен. Осы мағыналас тiркес жас кезiмнен құлағымда қалып едi, соған өзiмнiң де көзiм жетiп келедi. Тапқыр тұжырымның дәл қазiр еске түсуiне себеп те жоқ емес. Қазiргi заман, жастар жөнiнде ойлана бастасақ, ең алдымен өзiңнiң өзегiңдi өртейтiн сағынышқа толы бала кезiң, әрине, еске түседi. Айнала тұнған тәрбие, ауыл-аймақ болып тентегiн тезге салатын. Сен тудың, сенiң тәрбиең деспей, әр балаға өз iшiнен шыққан баласындай қарап, елжiреп тұратын қайран аналар-ай дейсiң еске түскенде. Мектептегi тәрбие тiптi бөлек. Қазiргiдей пәленшенiң баласы, түгеншенiң немересi деген атымен жоқ. Байсың ба, кедейсiң бе, мектеп қабырғасында, мұғалiм алдында бiрдейсiң. Тәрбие де, бiлiм де ортақ. Бiздiң де, яғни оқушылардың да мұғалiмдерге ықыласы ерекше едi. Осындай да еске түседi, сол бiр қиын-қыстау тар заманның өзiнде елде мейiрiм ерекше болды-ау. Сондай бiр аяулы жандардың кейбiрiне тоқтала отырып, әңгiмелессек болар деп ойлаймын.
Бiзге Павлодар педучилищесiнде сонау 1939 жылдардан бастап қазақ тiлiнен сабақ берген, онда жарты ғасыр бойында Қазақстан оқу-ағарту iсiне орасан зор еңбек сiңiрген педагог Набиба Ғұсманованы осындай жақсы әңгiме үстiнде еске алмай кетуге болмайды. Шәкiрттерiнiң арасында профессорлар, Кеңес Одағының Батыры, Халық жазушысы, әйгiлi бiлгiр дәрiгерлер де бар. Бұл педагог-ананы неге еске алдым: үлкен әулетке келiн болып түскен Набиба үлкендердiң де, кiшiлердiң де сүйiктiсiне айналған. Әсiресе, талай ағайындардың жетiмек балаларын бауырына тартып, ел қатарына қосты. Ешкiмдi жатсынбайтын ана жүрегi кез келген сәбиге елжiреп, соның тағдырына алаңдайтын ақжүрек, мейiрiмi жүзiне шығып тұратын жан екенiн сол кезде бала болсақ та сезушi едiк, сүйсiнушi едiк. Сол мейiрбан құшақтан шыққан көп шәкiрттiң бiрi, орыстiлдi адуын ақын Дүйсенбек Нақыповты бүгiнде бiлмейтiн, оқымайтын адам кемде-кем. Кезiнде саналы тәрбиемен қоса дұрыс бағыт-бағдар берген сол Набиба бүгiнде тоқсанды төңiректеп қалса да, әлi күнге бәрiмiзбен хабарласпай отыра алмайды. Әлi күнге тыныс-тiршiлiгiмiзден бейхабар отыра алмайды. Өйткенi, адам тағдырына бей-жай қарай алмайтын жақсы қасиетiнен арыла алмаған. Оқушылардың қабiлет-қарымына ғана қарап, елден бөлек ықылас танытатын бүгiнгi педагогтардай емес, ешкiмдi алаламай, алдында отырған шәкiрттерiне бiлiмнiң ғана емес, аса мейiрбанды қасиеттердi де қоса ұғындыруға тырысатын-ды. Үлкен өз жолын, кiшiсi өз жөнiн бiлуге дағдыландырып, бiр-бiрiне қайырымды болуға тәрбиелеген, олардың өмiрiн, тағдырын аса мұқият қадағалап, олар арқылы мақтанып, өзi де мақтанышқа айналған мұндай педагогтар, әй, қайдам қазiр бар ма, жоқ па!?
Тағы бiр мысал: бүгiнде қазақ әдебиетiнiң кешегi классиктерiнiң көзiн көрген, бiрiне келiн, ендi бiрiне ақылман жеңге болған Сәбеңнiң адал жары — Мәриям Мұқанкелiнi Қожахметқызы туралы да осындай жылы пiкiр бiлдiруге болады. Бұл кiсi де көптi көрген, талай ғұламалармен қысылмай-қымтырылмай әңгiмелесе алатын кiсiлiгi биiк жан. Әлемге әйгiлi өткiр Бауыржан Момышұлының Мәкең туралы айтқан бiр сыры бүгiнде әмбеге аян.
— Адам баласынан айбынуды бiлмейтiн басым Мәкең алдында сөйлегенде сүрiнем-ау деп секем ала берем...— дептi бiр үлкен дастарқан басында.
Өз басының намысын қорғаштауға әркiм о бастан құмбыл ғой. Ал қалың иiсi Алаштың ар-намысын тудай биiк көтеруге келгенде суырылып шығар сұңғыла сабаздар аз кездеседi. Ал бiздiң Мәкең нағыз намысшыл қазақ қызы. Әр кез ер-азаматының абыройын асқақтатып отыратын осы бiр қасиетi туралы Сәбеңнiң өз аузынан естiген мына бiр жай әркез есiмде тұрады.
Бiрде Ыстықкөлде демалып, қайтарда Фрунзеге соқтық. Мәкең қашанғыдай қасымда. Қырғыздар аяғымызды жерге тигiзбей қош алып, қонақтан қонаққа жетелей бердi. Сондай отырыстардың бiрiнде дерлiк қырғыздың аты жүрiп тұрған бiр ақыны, елу жастан асқан азаматы қит етсе, Кене мен Наурызбайды сөзге қыстырып, сайқымазақтыққа салынып сампылдап бақты. Үлкен басыммен ондай кикiлжiңге қыстырылу ұят... Шарасыздық күйiнен шыдап бақтым... Мәкең бәрiн сыр бiлдiрмей, сыпыра тыңдап отырған... Бiздi туыс-бауырлар тура Қордай асуына шейiн ұзатып салып, дастарқан жайды. Дәм үстiнде Мәкең қырғыздың жас жiгiттерiне тесiле қарай бердi. Соны байқаған жаңағы айтқан сампылдағым:
— Мәке, сонша неге бұлай қадала бердiңiз, — деп сұрап қалды.
Мәкең аспай-саспай:
— Жәй, әншейiн.. Мына оғландарға таңданып отырғаным ғой... Құдауында, көздерiнiң оттары, жарқылы жарықтық Науанның көз отынан аумай қалыпты,— дегенi..
Қырғыздар орындарынан оқыс жылжи бастады.... Мен айта алмағанды Мәкең айтты. Бұның сондай «бұзақылығы» да бар,— деп Сәбең ағамыз үнемi қалжыңға сүйенсе де, айтып отыратын.
...Кене мен iнiсi Алатау асқарында тұтқында отырғанда манаптар «тұқым алып қалайық» — деп, Науанның қойнына қыздарын салған екен» деген аңыз-әңгiме де бар-ды. Елдiң өткенi мен кеткенiнен кең хабардар құймақұлақ жеңгемiз орны келген орайда орып түсердей сөз айтып, ұтып кеткен көрiнедi. Көргенi мол, жүрiс-тұрысының өзi тұнып тұрған тәрбие Мәкең өмiрден озған ақын-жазушылардың жесiрлерiн үнемi шақырып, ақ дастарқанынан дәм татқызып, өткен-кеткендерiн естерiне малып отыратын да жақсы үрдiсi бар қария. Мен де үнемi хабарласып, амандық-саулық сұрасып тұрамын. Бiр әңгiме үстiнде Сәбеңнiң басынан келiп отырғанын айтты.
Жан-жағыңа әйелдер қаптап кетiптi ғой... Бiреуi жетектеп ертiп әкетiп жүрмесiн, орныңды сипалап қалмайын мен... Смотри» — дедiм деп әдемi бiр қалжың тастады. Ел аузында «Сәбең — оқыған академик, Мәкең –оқымаған академик» деген де әдемi бiр әзiл бар.
Тектiлердiң тектiлiгi тереңге тамыр жаймай қоймайды. Бұған күнде дерлiк көзiмiз жетiп, ерiксiз бас изеймiз..
Мұзағаң айтқан, тектiлiктен тамыр тартатын әңгiмелердiң бүгiнде дастарқан басынан алыстап бара жатқаны да жасырын емес қой. Бүгiнгi бүлдiршiн, ертеңгi ел болашағы — жастардың осындай құйма құлақ қариялардың әңгiмесiне емес, еуропалық тәрбиеге емiнiп бара жатқаны және рас.
Ұлттық тәрбиеге негiзделген жүйелi сөз, үлгi-өнеге, салт-сана ғана бүгiнде төрiмiзге талтаңдап шығып бара жатқан жаһанданудың жанын жаһаннамға жiберсе керек. Сондықтан бүгiнгi бала бойындағы жаман әдеттердi өткеннiң өнегесiн қазiргi озық үрдiстермен терең байланыстырғанда, байыта бiлгенде ғана жоятынымыз кәмiл. Сонда ғана тәрбие деген тәңiрдiң алдында жүзiмiз жарқын болса керек-тi. Сонда ғана болашақ ұрпақтың жақсылықпен жаны гүлдейдi. Ал, Мұзағаң айтпақшы, көп жақсылық жасаған адамның өзi де көп жасайтыны еш дәлелдеудi қажет етпейдi.
Таңсұлу Алдабергенқызы
Дереккөз: Түркістан халықаралық апталық сараптамалық газеті
№27 (833)
8.07.2010
Пікірлер
- .22.11.10 20:47
Өте керемет әсер алдым.


















