Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

23.02.12 10:04Қожағұлұлы Біржан
Тамаша,сіздерге алгысым шексіз!
22.02.12 15:57Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - бар “аурудың” емі”!
22.02.12 13:22ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан Әтенұлы Апта Адамы болу Қурметіңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан мықты денсаулық,...
22.02.12 08:11ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
Жанаттай, сұлуым, ақылдым! Тек тіл-көзден аман болып, жанұялық бақытың мен өмірлік ұстанымыңмен шаттана...
22.02.12 07:35Абылай хан
Kazaktin tarihinda 65 Xan bolsa, onin 21 Ruhani Astanamiz Turkistanda jerlengen.Onin iwinde atakti uw juzdin basin koskan Abilai Xan da Bar, Men seni maktan etem Turkistanim
22.02.12 07:29Әбу Наср әл-Фараби
Uli Tulga Babamiz
21.02.12 12:51Әубәкір Ысмайылов
Бұл адам Абылай бейнесін кайдан алды?
21.02.12 12:48ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
Сәлеметсіз бе! Сізді қарапайым қазақ қызының символы ретіде құрметтеймін! Айтқандарыңыз өте орынды. Алдағы...
21.02.12 10:28Қажымұқан Мұңайтпасұлы
kuwti
20.02.12 19:24ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан Әтенұлы сізді апта адамы болуыңызбен құттықтаимыз,деніңізге саулық,отбасыңызға...
19.02.12 14:53ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан құда! Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!! Алланың берген әрбір жақсылығы...
19.02.12 08:21ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұхан !!!Сізді “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Деніңізге  саулық ,от басыңызда  амандық...
18.02.12 16:11ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз,денин сау болсын!биик шындардан корине бер!отбасын...
18.02.12 16:03ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан Әтенұлы.Еңбегіңіз алға өрлеп, әрдәйім халқыңа адал қызмет ете бер! Алланың нұры жаусын! Ізгі...
18.02.12 13:05Алтынсарин Ыбырай
ote keremet jane soz jok akin ol akinga ewbir akn jetpes
18.02.12 09:55ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Жуалы да туған батыр бабамыз Бауыржанның Момышұлының ұрапағы Мұқан Әтенұлы.Сізді апта адамы болуңызбен...
18.02.12 08:23ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Оте куаныштымын !!!!Алланын нуры жаусын .
18.02.12 08:19ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Сизди шын журектен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін коп...
18.02.12 08:02Қалдаяқов Шәмші
Шәмші атамыздай ер туса біз тағы бір музыка әлеміне жол тартар едік. Шәмшідей ул жоқ емес бар, бырақ Шәмші...
18.02.12 07:59ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Мұқан сенің жетістіктеріңе қуаныштымын.Саған зор денсаулық,отбасыңа бақыт,еңбегіңе жемістер тілеймін! Ізгі...
17.02.12 08:06Мақатаев Мұқағали
М Мақатевтың  ;Аққулар ұиықтаганда ‘’өлеңіне тусініктемесі керек еді жіберулеріңізді саитыма өтінем ...
17.02.12 07:33ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз. Жетістіктеріңіз көп болып, жемісін көріңіз, әр-дайым...
16.02.12 22:15БОПАЙ ХАНЫМ
Мен бұл деректі шынымды айтсам осы кезге дейін білмей келдім.Бопай ханымның ерликтери ауыз толтырып...
16.02.12 21:37Амангелді Үдербайұлы Иманов
ООООО Улкееееен рахмееет! ))))
16.02.12 17:58Қабанбай батыр
Спасибо пригодилось.))))

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

0 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Қалихан Ысқақ

Соловьева Айгүл Сағадибекқызы

Бөгенбай батыр

Раимов Сағатбек Раимұлы

Өмірзақова Әмина

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Әжиев Үкі

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Жәнібек хан

Қалихан Ысқақ

Мұсаходжаева Айман

Жұрынов Мұрат Жұрынұлы

Бағланова Роза

Төлегенова Бибігүл

Статьи.

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

 - Ең алдымен сіздің кәсіби кызметіңіз туралы. Осындай көз тойғысыз сулулықтың иесі бола отырып тілшілік қызметті таңдап, теледидардан орныңызды іздегеніңіз тусінікті-ақ. Осы ісіңіз өзіңізге ұнайды ма? 

 

- Жалпы адам баласы өмірлік жар таңдауда, сосын мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Екеуіне де таңдау жасағанда, шүкір, қателеспедім деп ойлаймын. Бұл үшін Аллаға алғысым шексіз. Журналистика саласы менің бала күнгі арманым деп жалған көлгірсімей-ақ қояйын. Себебі кішкентайымнан мұғалім болуды армандадым. Сол мақсатпен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне түстім. Ол кезде телевизия саласында жұмыс жасаймын-ау деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген болатын. Алайда тағдыр мені мүлде басқа арнаға бұрып жіберді. 2004 жылы «Ана тілі» аруына қатысып, 1 орынға ие болдым. Сол сайыстан кейін мені «Хабар» арнасы шақыртты. Кастингтен өтіп, актер Ерлан Біләлмен бірге «Алтыбақан» бағдарламасын жүргізе бастадым. Ал бір жылдан кейін «НТК» телеарнасындағы «Соңғы ақпараттарды» жүргіздім. КТК арнасында 2006 жылдан бері қызмет етіп келем. Эфирге жаңадан шығып жүргенде талай сын естідім. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» ғой. Мақтағанға сеніп, «болдым, толдым» деуге болмайды. Әлі талай сын естиміз де, себебі үйренгенімнен әлі үйренерім көп деп ойлаймын. Камера - үлкен жауапкершілікті талап етеді. Диктордың өз-өзін ұстауы, түр-келбеті, дауыс ырғағы, үстіндегі костюмі үйлесім тапқан кезде ғана халық жылы қабылдайды.

Жалпы журналистика- өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Журналистің жұмысы оңай емес, ол күнделікті жаңалықтарға беретін оқиғаға жеңіл қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аударып, көз жеткізіп барып беруге тиіс. Себебі тілшінің бір ғана қателігі - қанша көрермен бар, сонша мың халыққа зияны тиюі мүмкін. 30 минуттық жаңалықты тамашалаған көрерменге тілшінің жұмысы жеңіл көрінуі мүмкін, біткен іске қашан да сыншы көп қой, мақтай салады, немесе керісінше сынай салады,  алайда бір ғана 2 минуттық сюжеттің астарында қыруар еңбектің атқарылатынын бірі білсе, бірі біле бермейді. Кейде диктор тікелей эфир барысында шатасып қалып жатады. Ал сол материалды тілші күні бойы жүріп, дайындады. Мұндай келеңсіздіктер туындаған сәтте алдымен халықтың, сосын журналистің алдында қатты қысылам. Эфир аяқталған соң ол адамнан міндетті түрде кешірім сұраймын.

Жанкештілікті қажет ететін, қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл салада қызмет етіп жүргеніме шүкіршілік етемін. Қызметім өзіме қатты ұнайды.

 

- Жалпы, әрбір қазақ қызы үшін үлгі, өнеге боларлықтай көркіңіз бен қасиеттеріңіз бар. Осы орайда не ақыл немесе кеңес айтар едіңіз сіңлілеріңізге? Былайша айтқанда, Қазақ қызының болмысы қандай болуы шарт"? 

 

- «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» демекші, біздің бабаларымыз әсемдіктің сұлу үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді армандаған. Нәзіктік пен өжеттілік бір бойынан табылатын қазақтың аруларына тәнті болған ақын-жазушыларымыз «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деп әнге қосып, өлең шығарғаны жасырын емес. Ал жалпы қазақ қызының менталитетіне «қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық» сияқты қасиеттер кіретіні сөзсіз ғой. Мен осы қасиеттің бәрі «қазақ» деген қыздың барлығының бойынан табылса екен деп армандаймын.

Қазақ халқы қыз баланы «қонақ» деп есептеп, төрге отырғызады. Меніңше, қыз баланың барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты болып бойжетуіне анасы үлкен роль атқарады. Қазақта «Ана көрген тон пішер» деген мақал осыдан қалса керек.

Тарихқа көз жүгіртсек Домалақ ана, Айша Бибі, Ұлжан, Зере сияқты аналарымызды нағыз қазақ әйелдерінің символы деп білеміз. Ал бүгінгі күні «қыз» дегенде, көз алдымызға талантымен, тәлім-тәрбиесімен халықтың құрметіне бөленіп жүрген Бибігүл, Майра, Роза, Фариза сияқты апайларымыз оралатыны сөзсіз. Осындай дара тұлғаларға қарап мақтанасың, қуанасың, шаттанасың! Осы апаларымызды үлгі тұтып, еліктеп өссе, артымыздан бойжетіп келе жатқан сіңілілеріміз жаман болып өспейді деп ойлаймын.

 

- "Ана көрген тон пішер" деген мақалдың бүгіндегі  өзектілігі қай деңгейде деп ойлайсыз?"

 

- Басында айтып өттім ғой, қыз баланың ибалы, инабатты болып өсуіне анасының атқарар ролі зор деп, алайда қазіргі күні қыз бала тәрбиесіне тек анасы ғана емес, бүкіл ел жауапты болып отыр ғой. Себебі технология дамыған бүгінгі күн - бала тәрбиесіне жан-жақты әсер етуде.
Міне, биыл тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болды, алайда кей жастар «тәуелсіз» деген сөздің мағынасын әке-шешесінен, ұстаздардан тәуелсіз болу деп түсінеді. Қазір бұрынғы кездегідей әр үйде сегіз-оннан бала жоқ, әрі кетсе 2 бала тәрбиеленіп отыр. Сондықтан «бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар» дегендей, сол жалғыздың асты-үстіне түсіп, дегенін жасап отырғаны жасырын емес. Уақыт өте келе қызының жаман қылығын көрген анаға тізе соғудан басқа амал қалмайды. Міне, осылай қоғамымызға өз қолымыздан келеңсіз жағдай тудырып алдық. Қазіргі қазақ қыздарының жүріс-тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі, үлкен-кішіге ұшырамы мүлдем өзгеше. Жастар тәрбиесінде «ұзын арқан, кең тұсауға» түсіп кеткені айдан анық. Қаракөз қыздарымыздың арақ ішіп, түнгі клубтардың есігін баққанын көргенде жаның түршігеді. Осындай әрекеттердің салдарынан қыздар жүкті болып, онан соң жасанды түсік жасатып, аналық құқығынан айырылып жатады. Батыстан бел түзеген түрлі жағдайлар біздің салт-санамызға өз әсерін тигізіп отыр.

 

- Қыздарымыздың киіну мәдениеті көңілден шыға ма?

 

- Көпке топырақ шашудан әрине аулақпын, алайда кей ата-анаға қарап отырып еріксіз жағаңды ұстайсың. Қыздарының бесіктен белі шықпай, ашық-шашық киінулеріне жол береді. Ол қыз мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ сәнқой болып шыға келеді. Есіл-дерті киім болып тұрған баланың ойында оқу, білім алу деген ой қайдан болсын... Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні қандай Ана болмақ, солардың бір сарынын күнделікті көзімізбен көріп жүрміз. Қыз баланың ең қасиетті жері, әрине ол құрсағы емес пе? Дегенмен көптеген аруларымыз өздеріне сән етіп, осы кіндік тұсын ашып жүруді сәнге айналдырған. Әр адамның көзі түскен, ер-азаматтарымыздың ойы бөлінген кіндік тұсындағы құрсақта пайда болып, жетілген баладан қандай азаматты, қандай қазақ қызын күтеміз?

Теледидардан сандарын жылтыратып, кіндік тұсын ашып, денелерін жартылай жалаңаштаған қыздарды көрсететін клиптер күніне сан мәрте беріледі.  Біз еліктегіш халықпыз ғой, бойжетіп келе жатқан қыздарымыз сол теледидар, ғаламтордан көргендерін істейді. Дәл солай киінеді. Сондықтан сіңілілеріме айтатын ақылым, біз қазақ қызымыз, ендеше  әсемдіктің сұлу үлгісін біздің бойымыздан көруді көксеген ата-бабамыздың арманын аяқ асты етпейік. Етек-жеңемізді жинақы ұстайық. Мәселе киімнің бағасында емес, жарасымдылығында. 

 

- Ашық киіну, бұрымды кесу, арақ пен темекі секілді теріс әдеттердің бой алуы неден?

 

- Заман өзгерді. Технология тым қарқынды түрде дамуда. Тіпті газет-журналды айтпағанның өзінде, қазіргі күні халық теледидарды көруді де қойып барады. Себебі ақпарат алдымен ғаламторға жарияланады. Қажетіңің барлығын дәл осы ғаламтордан табасың. Әрине бір жағынан бұл қуантатын жайт. Бірақ ғаламтордың жастардың тәрбиесіне пайдасымен қоса зиянын да тигізіп жатқаны жасырын емес. Бірде ғаламтор бетіне мектепте оқитын орыс қыздарының төбелесі көрсетілген ролик пайда болды. Ал бір айдан кейін дәл сондай «қазақ қыздарының» төбелесін тамашаладық! Бұған енді не дерсіз?! 

Қыз-келіншектеріміздің арақ ішіп, темекі тартуы әлбетте, бұл үлкен қасірет. Себебі ана бойымен балаға дарыған жағымсыз қасиеттен ұрпағымыз уланары сөзсіз. Қыз-болашақ ана. Ал Ана бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесік тербетеді. Әйел болудың, ана болудың Алланың сыйлаған баға жетпес бақыт екенін қаркөз сіңілілерім түсінсе екен деймін...

Ерді ер қылатын да, жер қылатын да әйел екенін о бастан болжаған бабаларымыз жар мәселесіне байланысты өсиетті көп айтып кетті. Орта ғасырлық ақын Жүсіп Баласағұни үйленер кезде жар таңдауға қатысты төрт түрлі өсиет айтыпты: «Атақты әйелді алсаң, атағына тіленерсің. Бай әйелді алсаң, ұстап-тұтқан затындай меншігіне айналарсың. Сұлуды алсаң, сұлуға сенен басқа көзін тіккен көп, күйеу емес, күзетші боларсың. Ал, адал жарың – атағың да, байлығың, әрі сүйген сұлуың. Үшеуін де қондырғаның қолыңа», - депті. Сондықтан мен бүгінгі қызда­рымыз ертең ақылды, ибалы да инабатты келін, болашақ ана, са­лиқалы әже болса екен деп тілеймін.

 

- "Қызға қырық үйден, қала берсе күңнен тыйым" деген нақыл неге қолданыстан шығып қалды?

 

- Иманы мен ибасы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үй­ден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Әйел-ша­ңы­рақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні мен салтанаты. Дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтінен дарып, әйел жүрегіне ұялаған дейді. Бірақ, бүгінгідей жалаңаштанып, езулеріне темекенің түтінін бұдақтатып, қаланың түнгі қонақтарына айналған аруларымызға қараған сәтте, бүкіл қазақ қыздарының болмысы өзгергендей болады. Тіпті, мектеп табалдырығындағы қыздарымыздың өзі тым еркінсіп кеткен. Халқымыз ертеден-ақ қызды қонақ деп санап, төріне шығарып күткен. Бұл үрдіс жойылған жоқ, әлі де болса өз жалғасын табуда. Бірақ көптеген қазақ қыздары сипағанды білмей, секіріп-ақ жүр. Өз басым қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуына жыным келеді, рас айтам. Жарайды, өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып жатыр, оған да көндік. Бірақ, сол ұзатылған қыздарымыздың барлығы бақытты болып, барған жеріне тастай батып, судай сіңіп жатыр ма? Әрине, жоқ. Бір жылдан кейін-ақ баласын арқалап, жылап, еңіреп келіп жатады. Кім өз баласын сыртқа тепсін, кезінде жұртқа масқара болған ата-анасы қызын қайтадан үйіне кіргізіп жатады. Қарапайым халыққа кешіріммен қарағанымызбен, елдің тізгінін ұстап отырған беткеұстар зиялыларымыздың, қалам ұстаған қаламгерлеріміздің ішінде де өзге ұлтпен құдаласып, «құда мың жылдық» деп, ұлан-асыр той жасап, қыздарын ұзатып жататындары да аз емес. Мұның өзі қыздарымыздың ата-анасын тыңдамайтындығын білдірсе керек. Бұрындары әкенің қабығына қарап сөйлейтін қыз қазір әкенің қабағы түгілі атаның қабағына да қарамайды. Қазақта «әкенің сөзі - оқ» деген жақсы сөз бар, алайда біздің қоғамда бұл сөздің мәні де, қадір-қасиеті де қалмаған-ау шамасы.

Елбасымыздың: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» деген сөздері есімде қалыпты. Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен деймін. Отбасы тәрбиесінде әйел адамның орны бөлек. Міндеті мен жүгі ауыр. Ал қазақ қыздарының қанында бар «қасиет» бұл міндеттерді орындауға көндіреді. Тек ер деп сенген азаматымыз атына заты сай болса екен ... 

Пікірлер

.26.12.11 13:47

Жанат апай сіз маған қатты ұнайсыз, сізге ұқсағым келеді. Арқашан сәттілік сізбен бірге болсын, бақытты болыңыз.

.29.12.11 19:58

Жанат апай, осы жылдағы “үздік тележүргізушілердің рейтингінен” бірінші орын алыпсыз, құтты болсын! Сіз соған лайықсыз!!!

.01.01.12 15:19

Жанат, арбир казахтын кыздары озиниз сиякты ойласа гой! Рахмет Сизге! Бакыттын кушагында, отбасынызда келисимнин аясында бакытты гумыр кешуинизге тилектеспин!

.15.01.12 15:31

Жанат апай! сіз “үздік тележүргізушілердің рейтигінен” 1-орын алыпсыз! Құттықтаймын!Сіз соған әрқашан лайықсыз!

.26.01.12 12:58

Сәлеетсізбе! Калыңыз қалай? Сіздің айтып отырғандарыңыз өте орынды және бізге керек нәрсе. Осы айтқандарыңыз әрбіріміздің жадымызда әруақытта сатаулы тұруы керек және біз оған тырысамыз№ Сізге және сіздің отбасыңызға Алланың нұры жаусын!

.05.02.12 23:02

Кәсіби білігі жоғары, текті азамат. Жеке басым жоғары бағалаймын, әрі сырттай тілектеспін. Ағалық көңілім осы. Мұрат Қожамқұл.

.15.02.12 11:56

Жанат апай6 сіз сияқты менде кішкентай кезімнен журналист болуды армандайтынмын. Содан филология факультетіне түсіп, окуымды міне аяқтап, қазір газетте тілші болып жүрмін. Болашақта сіз секілді диктор болуды армандаймын. Болысуыңызды сұраймын.

.21.02.12 12:48

Сәлеметсіз бе! Сізді қарапайым қазақ қызының символы ретіде құрметтеймін! Айтқандарыңыз өте орынды. Алдағы жұмысыңызға сәттілік, кәсіби біліктілігіңіздің бұдан да жоғарылай үсуіне шын жүректен тілектеспін! Алланың нұры жаусын!!!

.22.02.12 08:11

Жанаттай, сұлуым, ақылдым! Тек тіл-көзден аман болып, жанұялық бақытың мен өмірлік ұстанымыңмен шаттана берші, періщтем!

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: