Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

23.02.12 10:04Қожағұлұлы Біржан
Тамаша,сіздерге алгысым шексіз!
22.02.12 15:57Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - бар “аурудың” емі”!
22.02.12 13:22ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан Әтенұлы Апта Адамы болу Қурметіңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан мықты денсаулық,...
22.02.12 08:11ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
Жанаттай, сұлуым, ақылдым! Тек тіл-көзден аман болып, жанұялық бақытың мен өмірлік ұстанымыңмен шаттана...
22.02.12 07:35Абылай хан
Kazaktin tarihinda 65 Xan bolsa, onin 21 Ruhani Astanamiz Turkistanda jerlengen.Onin iwinde atakti uw juzdin basin koskan Abilai Xan da Bar, Men seni maktan etem Turkistanim
22.02.12 07:29Әбу Наср әл-Фараби
Uli Tulga Babamiz
21.02.12 12:51Әубәкір Ысмайылов
Бұл адам Абылай бейнесін кайдан алды?
21.02.12 12:48ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
Сәлеметсіз бе! Сізді қарапайым қазақ қызының символы ретіде құрметтеймін! Айтқандарыңыз өте орынды. Алдағы...
21.02.12 10:28Қажымұқан Мұңайтпасұлы
kuwti
20.02.12 19:24ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан Әтенұлы сізді апта адамы болуыңызбен құттықтаимыз,деніңізге саулық,отбасыңызға...
19.02.12 14:53ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан құда! Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!! Алланың берген әрбір жақсылығы...
19.02.12 08:21ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұхан !!!Сізді “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Деніңізге  саулық ,от басыңызда  амандық...
18.02.12 16:11ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз,денин сау болсын!биик шындардан корине бер!отбасын...
18.02.12 16:03ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан Әтенұлы.Еңбегіңіз алға өрлеп, әрдәйім халқыңа адал қызмет ете бер! Алланың нұры жаусын! Ізгі...
18.02.12 13:05Алтынсарин Ыбырай
ote keremet jane soz jok akin ol akinga ewbir akn jetpes
18.02.12 09:55ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Жуалы да туған батыр бабамыз Бауыржанның Момышұлының ұрапағы Мұқан Әтенұлы.Сізді апта адамы болуңызбен...
18.02.12 08:23ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Оте куаныштымын !!!!Алланын нуры жаусын .
18.02.12 08:19ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Сизди шын журектен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін коп...
18.02.12 08:02Қалдаяқов Шәмші
Шәмші атамыздай ер туса біз тағы бір музыка әлеміне жол тартар едік. Шәмшідей ул жоқ емес бар, бырақ Шәмші...
18.02.12 07:59ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Мұқан сенің жетістіктеріңе қуаныштымын.Саған зор денсаулық,отбасыңа бақыт,еңбегіңе жемістер тілеймін! Ізгі...
17.02.12 08:06Мақатаев Мұқағали
М Мақатевтың  ;Аққулар ұиықтаганда ‘’өлеңіне тусініктемесі керек еді жіберулеріңізді саитыма өтінем ...
17.02.12 07:33ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз. Жетістіктеріңіз көп болып, жемісін көріңіз, әр-дайым...
16.02.12 22:15БОПАЙ ХАНЫМ
Мен бұл деректі шынымды айтсам осы кезге дейін білмей келдім.Бопай ханымның ерликтери ауыз толтырып...
16.02.12 21:37Амангелді Үдербайұлы Иманов
ООООО Улкееееен рахмееет! ))))
16.02.12 17:58Қабанбай батыр
Спасибо пригодилось.))))

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

0 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Бөгенбай батыр

Кенесары Қасымұлы

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Молдағалиев Тұманбай

Оңғарсынова Фариза

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Осман Асылы Әлиқызы

Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Бұқар жырау

Байтоқанова Алтынай

Өмірзақова Әмина

Байтоқанова Алтынай

Бөгенбай батыр

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Қажымұқан Мұңайтпасұлы Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Алға

Пікірлер

.27.01.12 18:17

ӘОЖ: 378:351.855.3:377.3/.4
М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ «ҚАЖЫМҰҚАН»  ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ҰСТАНЫМЫ

                                Ш.Н.Қуатбеков
        Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
 
Қазақ халқының тарихы бай. Бірақ Кеңес Одағы тұсында көп халықтың тарихына көпе-көрнеу қиянат жасалды. Соның кесірінен көп дүние хатқа түспей, із-түссіз жоғалды. Әйтсе де, халық жадында қасиетті тұлғалардың есімдерін бір жолата өшіру мүмкін емес еді. Кеңес Одағы саяхатшылары мың жерден әрекеттенгенімен, қазақтық батырлық тариқы кейінгі ұрпаққа жетті. Туған жер үшін басын бәйгеге тіккен батырлардың найзагерлерлігі, мергендендігі, қылышты шебер меңгеруі, ат құлағында ойнауы да тегін нәрсе емес. Бір ғана найзагерлік шебер меңгеру үшін жанкешті әзірлік керек, машық керек. Әйтпесе, құйыңдай ұшқан ат үстінде жауыңа найза шаншу оңай емес. Қылыштасу да өнер. Қазақтың баяғы батырлары жекпе-жек өнерінің барлық қырын жетік меңгерген. Жұдырықтасу, балуан күрес т.б. Мұндай қасиетті өнер адамға жайдан-жай қона салмайды. Мұндай өнер атадан балаға мұра болып, ұрпақ алмасқан сайын үздіксіз жетіліп, ұшталып отырады. Бұл дегеніңіз – бүтін бір халықтың ғасырлар бойы қалыптастырылған жекпе-жек мектебі. Жекпе-жектің ішінде балуандық өнердің жөні бөлек [1].
Өмірдің өзегі күрес. Яғни «күрес» деген бірауыз сөздің мән-мағынасы тереңде. Жұмыр жердегі барлық тіршілік иесі өмір үшін күреседі. Адамзаттың ұлы тарихы күреспен жасалды. Айды, күнді айтпағанда, әр сағат, әр секунт күреске толы.
Профессор Мұратхан Тәнекеевтiң үлкен еңбегi, ел басына түскен сын сағатта халқының рухын асқақтата көтерiп, қол ұшын берген, ұлтжанды, қазақтан шыққан тұңғыш күрес шеберi, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының есiмiн ардақ тұтып, күллi қазаққа таныстыруы, «Қажымұкан» кiтабының алғаш 1963 жылы жарық көруi, кейiнгi ұрпақ алдындағы парызы едi. Бұл үлкен еңбекті  2001 жылы қайта өңдеп толық нұсқасымен халыққа ұсынды.  Бұл кітапта бұрын жарық көрмеген тың деректер мен батырдың әрқилы қызметіне байланысты жекелеген мәселелерді пайымдауда тың өзгерістер бар. Бұл кітаптың әр беті – тарих.
Отан ұлылығын дәріптеп, перзенттік парызын адал атқарған ғұламалар мен ағартушы ғалымдар халқын шын сүйген ерлер еді. Осындай тұлғалардың ішінде профессор Мұратхан Тәнекеевтің еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеялары арқылы, жас ұрпақ тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін дүниелер мол деп есептейміз. Онда Қажымұқан Мұңайтпасұлының бойында тұлғалық ерекшелiктер отансүйгiштiк, достық, сыйластық, адалдық, кiшпейiлдiлiк, туған жер мен тiлге зор құрмет сияқты қасиеттердi табуға болады. Мұндағы Отансүйгіштік, ұлтжандылық тұрғыдағы тәрбие берудің үлгілері, жеткіншек ұрпақтың палуанды жан-жақты танып, ұлағаты мол құндылықтарды бағалауына, өзін-өзі ұлттық рухта намысқа, мәдениетке тәрбиелеуге, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайтын құнды деректерімен аса ерекше бағаланады.
Ресми ортада көпке дейін Қажымұқанды ет пен сүйектен жаратылған алып күш иесі емес, көрсеткен өнері мен күш-қуаты шындыққа жанаспайтын, ертегі-аңыздардың алып кейіпкері ретінде ғана танып келді. Олай болуына ұлттық мәдениетімізбен рухани өмірімізді тас қамауда, шынжыр қоршауда ұстап келген коммунистік саясаттың әсері зор болды. Бұлай ету оларға тиімді болған болу керек. Бұған бұрынғы КСРО-ның спорттық баспасөзінің де әсері аз болған жоқ. Олар Поддубный, Заикин, Шемякин, Вахтуров т.б. палуандар туралы көп жазды да, Қажымұқанды елемей, тіпті ол аты аталған палуандармен қатар өмір сүрмегендей-ақ, жұмған аузын ашпады” [2] деп ұлтын, ұлтынан шыққан қазақтың бас батыры әрі палуаны, жастайынан өзі сүйіп өскен Қажымұқанды М.Тәнекеев қызғыштай қориды. Осыған байланысты бір жанжалды оқиға еске түседі. Елуінші жылдардың соңында «Советский спорт» газетінің редакциясына одақтас республикадағы оқырмандардан - спорттық газет журналдарда орыс палуандары туралы жиі жазылады, ал олардың замандасы белгілі қазақ палуаны Қажымұханның аты неге аталмайды, - деп сұраған хаттар көптеп келді деп жазады профессор М.Тәнекеев. Онда қазақ палуаны әңгіме етуге тұрмайтын, көрерменнің көңілін көтерген цирк артисі – күлдіргі-комик болған,- деп жазыпты.
  М.Тәнекеев бұл – Қажымұқанның аруағын ғана қорлау емес, әлемге даңқы жайылған, есімін бүкіл халық мақтан тұтатын батырды тудырған тұтас бір ұлттың ар-намысын қорлау деп жазды.
Газет журналдар үнсіз жатқан тұста  ғалымның қолдауымен, мұқият сұрыпталып алынған материалдардың негізінде КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Л.И.Брежневтің атына аса беделді ғалым және ұлттық мәдениеттің көрнекті өкілі, академик Ахмет Жұбанов, қазақстандық «Ән қанатында» романының авторы орыс жазушысы Николай Анов, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, Қажымұқанның жерлесі Талғат Бигелдинов және күш атасының өмірін зерттеуші ретінде  Мұратхан Тәнекеевтің қол қоюымен хат жолданды. Хаттың бір данасы поштамен жіберіліп, ал екінші данасы ол кезде бұл мәселе үлкен саяси рең алып бара жатқандықтан, цензура ұстап қала ма деген қауіппен Мәскеуге Мұратхан Тәнекеевтің өзі алып барады.
КОКП Орталық Комитетінің жауабы кешікпей келеді. Одан да бұрынырақ «Советский спорт» газеті мен «Физкультура и спорт» журналы редакцияларының жауабы келеді. Онда редакция Мұратхан Тәнекеевтен кешірім сұрай отырып, Қажымұқан туралы көлемді мақала жазуын өтінген. М.Тәнекеев сол заматында «Батыр» деген көлемді мақаласын жариялайды. Онда «Атақты батыр Қажымұқан халықтың қайраты мен күш-қуатының бейнелік көрінісі, оның есімі қазақ халқының ұлттық батырларының қатарына қосылды» деген сөздермен аяқталады [3]. Сөйтіп журнал Қажымұқанды цирк ойыншысы – комик деп бастап, ұлы палуан, ұлттық батыр деңгейіне дейін көтереді.
Міне, бұл да ғалымның үлкен азаматтығын, оның ұлтын, елім деп соққан адал жүрегінің перзенттік лүпілін аңғартқандығы.
Тұтас ұлттың қасиет-кадiрiн бiр адамның бойынан көргiсi келетiн дәстүр сабақтастығы, ұрпақ жалғастығы ұғымын пiр тұтатын халықтың және адамгершiлiгiне ерекше мән бергендiгiнiң белгiсi. Осының айғағы ретінде Қажымұхан Мұңайтпасұлының күрес әлеміндегі ұлы тұлғалар табиғатын халықтарға жақын ететіндігінде және оның күрес өнеріндегі тағылымды өнегесі, еңбексүйгіштігі кейінгі ұрпаққа мәңгілік бағдарлама болып тұратындығында.
Көшпелі өркениеттің жалпы азаматтық құндылығы болып саналатын жеке тұлға халқымыздың болмысы, тіршілік тынысының шыққан биігі. Ұлттық мәдениетіміздің тарихи аясының кеңейіп, қайта жаңғырып өркендеуі халқымыздың рухани мұралары мен дәстүрлерінің қастерленуі, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзінің дербестігінің айғағы.
Қажымұқанның шыңдалу, ержету жолы шымырлы еңбекке толы, күрес өнеріндегі үлкен мұратқа талпындырған қажырлы қайратымен өмірге қажетті тәрбие алуы. Нағыз өнер адамының өз халқының тек бір сипаттағы өкілі болып қана қоймай, ол өз халқының рухымен сомдалуында.
Мұратхан Тәнекеевтің «Қажымұқан» кітабы спорттың адамды қажыр–қайратқа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймай, адамгершілік асыл қасиеттерін де ашып көрсеткендігінің бір дәлелі. Ол көп ұлтты ортадағы спорттық қызметтің адамды көпшіл, ашық-жарқын, кең пейіл ететіндігінің үлгісі де. Тар шеңбердегі ұлттық сана-дәстүрден мұның әсері анағұрлым кең.
  М.Тәнекеев “Қажымұқан” атты кітабында батыр әрі палуан атасының жастық шағы туралы: «Мұңайтпас жалшылыққа баласын да бермекші болды. Әкенің бақытына қарай жігерлі өскен Мұқан өзіне тапсырылған жұмысты тыңғылықты орындап, еңбекке мойымады. Буыны қатпаған, бұғанасы бекімеген он жасар Мұқан бір қап бидайды арбадан арқалап алып, қамбаға дейін апара беретін болды. Мұны көрген ел «Мұқан нағыз азамат шын қарулы жігіт болады» деп сүйсіне айтатын [4].
Мұратхан Тәнекеевтің «Қажымұқан» туралы кітабын оқи отырып, оның өзі де осындай өмірдің соқпақты да соқтықпалы қиын жолынан сүрінбей өткеніне еріксіз тәнті болғандай күй кешесіз.
Тарихқа терең бойламай-ақ жүгірте көз тастағанның өзінде батыр бабаларымыздың асқақ бейнелері көз алдымызда қылаң бергендей болады. 
2000 жылы «Қажымұқан» атты үлкен монаграфияны қайта өңдеп халыққа толық нұсқасын мұра етіп қалдыра отырып ғалым былай деп жазды, « Бүкілодақтық баспасөзде Қажымұхан туралы жазылған күн менің есімде мәңгі сақталады. Олай болатыны – Қажымұхан менің шығармашылық қызметімнің бір бөлшегіне, ақиқатын айтуға бағытталған ғылыми ізденістерімнің дем берушісіне айналды. Менімен бірге ұлы палуанды қадір тұтқан миллиондардың қуанғаны анық еді. Өйткені батыр екінші рет қайта туып, халқымен қауышты. Ұмытылып барып, атақ-даңқтың шырқау шыңына шықты. Батырдың, халқының адал ұлының өмір жолын осылай бағалар едім. «Мен саналы өмірімнің елу жылын халқымның спорт тарихын зерттеуге арнадым. Сонау көне заманнан-ақ жоғары мәдениетті, намысты да жауынгер ұрпақ тәрбиелеудің ғаламат ұлттық дәстүрі бар, ұлы даланың ұрпағы екенімді өз еңбектерімде дәлелдедім. Бұл ұлы дәстүрдің кейінгі ұрпақты арлы, қайратты етіп тәрбиелеуге қажет екенін дәлелдеп келемін», деп қортындылайды.
М.Тәнекеев өнер иесінің жинақтаған тәжірибесін адамзат игілігіне жаратып, болашақ ұрпаққа үлгі етіп халыққа ұсынды. Қажымұхан әр халықтың бағына мың жылда бір туатын ұлы, дара тұлға, қайталанбас құбылыс. Теңдесі жоқ алып күш, киелі рух иесі – Қажымұхан, туған халқының тарихи жылнамалары мен жырнамаларында ғана қайталанар. Толықтырылып, қайта жазылар. Ал өмірде оны ешкім қайталай алмас. Себебі – ол құбылыс, құбылыс қайталанбақ емес. Б.Сапаралы былай дейді: «Ұлы адам өмір сүрген орта рухы тарих қойнауынан неғұрлым батып-сіңе берген сайын адамдар әлгі ұлының қадір-қасиетін соғұрлым үсті-үстіне арттырып, тұлғаландырып, кесектендіре түседі. Ұлы адам қасиеттері кеңістік ауқымында әрін ашып, табиғи болмысын жарқырата, таныта түседі деген сөз».
Жалпы, қазақтың күрес тарихы толық зерттелген жоқ. Әсіресе өткен замандардағы елге тұлға болған белді балуандарымыз жайында қағазға түскен деректер аз. Қолда бардың өзі әр газеттің, әр журналдың бауырында шашылып жатыр. Бір ғана мысал, бүгінге дейін қазақтан шыққан 30-ға жуық Олимпиада, әлем чемпиондарының тек төртеуі, атап айтсақ Қажымұхан Мұңайтпасов, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлықанов, Бекзат Саттарханов туралы ғана жеке кітаптар жарық көрген екен. Қазақтан шыққан теңдесі жоқ спортшылар көп мысалы: Балуан Шолақ, Боранқұл, Молдабай балуан, Байғабыл, Өзаман Шолақ, Қабден Байдосов, Шәміл Серіков, Әбілсейіт Айханов, Аманкелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Мәлік Нәдірбеков т.б.
Олимпиада ойындары мен әлем құрлық чемпионаттарында жеке-дара шыққан, жүлде алған саңылақтарымыз туралы көркем, деректі дүниелер неғұрлым көп болған сайын жас жеткіншектеріміздің отанға, спортқа, қоғамға деген Отансүйгіштік сезімдері ұшталары сөзсіз.

                              Пайдаланылған әдебиеттер

    1. Қ.Рысбекұлы.Қазақ балуандары. «Ер-Дәулет»1996. 84-
    2. М.Тәнекеев.Қажымұхан. Алматы. «Санат. 2001. 7 б
            3. М.Танекеев. Батыр. «Физкультура и спорт»,  1965, №1О, 34-35 б)
            4. М.Танекеев.  Қажымұқан. Алматы. «Санат» 2001.  17 б

.27.01.12 18:36

М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ, АҒАРТУШЫ, ТАРИХИ БАҒЫТТАРЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Қуатбеков Ш.Н.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Түйінді сөздер: салт дәстүр, ұлттық ойындар, дене шынықтыру және спорт тарихы.

Тарихты білмей тұрып, болашақты болжау қиын.
      Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылымның тарихи маңызы бар. Адамзаттың жинақталған материалдық байлықтыры қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай мол. Мәдени мұраны талдап, іріктеп, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.
    Қазіргі кезде халық үшін өзінің тарихына тереңірек үңіліп, ата бабалардың ғасырлар бойы ұрпағына қалдырған тәжірибесі мен білім жөніндегі өмір мектебін зерделеп, оның қажеттіліктерін қоғам, орта талаптарына сай сұрыптап, мектептер мен жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің қажеттілігі өмір талабынан туындайды.
      Қазақстанның ХХІ ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден–бір өлшем білімді ұрпақ болмақ . Қазіргі кезде Қазақстан сияқты коп ұлтты мемлекет алдында  біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден ең негізгісі – ұлттық этнопедагогика мен этнопсихологияның озық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының дүние танымы деген құрметпен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, ұлттық мәдениетімізбен, ұлттық ойындарымызды, салт-дәстүрімізді меңгеру, сондай-ақ дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттық үрдістерді қастерлеу, тарихи қажеттілік болып отыр. Бұған «Тарих тек тамырының тереңінен бастау алғанын танып–түсіну ата-бабаның шапағаты мол істерін заңды мақтаныш ету, тотаритарлы кезеңнің зардаптарынан арылып, тарихи сананы уақыт талабына сай қалпына келтіру ұлттық тұтастануға тегеурінді серпін беруге тиіс », - деген елбасы Н.Ә.Назарбаевтың пікірі жауап болмақ.
      Халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогигикалық дәстүрлерін , ұлттық және адамзаттың құндылықтарын , ұлттық ойындар тарихын және ұлттық салт дәстүрлерін , дене шынықтыру және спорт тарихын зерттеуші ғалым профессор Мұратхан Тәнекеевтің сан салалы білімдарлығы арқасында халқымыздың оқу ағарту ісіне ерекше үлес қосқаны баршамызға мәлім.
      Мұратхан Тәнекеев 1928 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Талапты(бұрынғы Қасық) ауылында дүниеге келген. М.Тәнекеев 1943 жылы небәрі 15 жасында Ленинградттағы, (қазіргі Санкт-Петербург) Лесгафт атындағы дене тәрбиесі институтына барып, қыр баласының қабылдау сынағынан қиналмай өтуі көп нәрсені аңғартады.
      Студенттік кезең М.Тәнекеевтің небір ғұлама ғалымдардың, зиялылардың алдын көріп, сөзін тыңдап, қоғамдық саяси өмірге ынталаса араласып, дүние танымы кеңейіп  сана-сезімі шарықтап өскен жылдары болды. Осы ортада патша отаршылдарының тепкісінде келген қазақ халқының тарихына, ұлттық спорт ойынына әдет ғұрпына, салт-дәстүріне, дініне және тіліне ден қойып, сарыла зерттеуді бастайды, ғылымға бас бұрады.
      1945 жылы 14 қарашада Алматыда Қазақ Мемлекеттік дене тәрбиесі институты құрылды. Ол Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш жоғарғы дене тәрбиелеу оқу орны болды. М.Тәнекеев 1947 жылы Институтты үздік тамамдап, ұстаздық, ұйымдастырушылық қабілеті мен ғылыми шығармашылық талантына бек сенім артып, Қазақтың дене тәрбиелеу институтына келіп «жеңіл атлетика және шаңғы спорты» кафедрасына оқытушы болып қабылданады. Шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік туған, Ленинградта дәріс алған кезеңі М.Тәнекеевтің  ұйымдастырушылық, ғылыми–педагогикалық талантын аша түсті. Оқытушылықтан аға оқытушылық қызметіне, одан 1949 жылы осы аталмыш кафедраның меңгерушісі болып тағайындалды. М.Тәнекеев бірнеше қоғамдық қызметтерді атқара жүріп, ұлттық спорт тарихын зерттеумен айналысты. 1954 жылдан 1959 жылға дейін «Дене тәрбиесі және ұлттық спорт тарихы» кафедрасының аға отқытушы, доценті қызметін атқарады . 1964 жылдан 1976 жылға дейін «Ұлттық спорт тарихы» кафедра меңгерушісі 1976-1980 жылдары ректордың оқу ісі жөніндегі проректоры бола жүріп маман даярлау саясатына баса мән берді.
      1990-1996 жылдары «Ұлттық спорт түрлері және дене шынықтыру  кафедрасының меңгерушісі, профессор қызметін атқарды.
      1996 жылдан  өмірінің соңына дейін «Дене тәрбиесі ілімі мен оқу әдістемесі» кафедрасында профессор қызметін атқарды.
      М. Тәнекеев көптеген спорт бағытындағы 300–ден аса ғылыми еңбектердің, монографиялар мен кітаптардың авторы. Оның еңбектерінде спорттық әлеуметтегі және дене тәрбиесінің ілімі мен дене шынықтыру тарихы,  ұлттық спорт, салт-дәстүр , спорттың  ұлт аралық қатынастағы бағыттары туралы көптеп зерттелген.
    Профессор М.Тәнекеев былай деп жазды : «Орта Азия  мен Қазақстан ертедегі мәдениет ошақтары атанған елдерге жатады. Дене шынықтырудың да көне тарихы осы жерден басталады . Оның адами қоғамының дамуында үлкен мән – маңызды болды» [1].  М.Тәнекеевтің еңбектерінде Қазақстан, Сібір, Алтай, Повольже,  Европаның оңтүтігін сонымен қатар көне дүниенің өркениетті елдері болып саналатын Ассирия, Мидия, Грек және Рим қамтитын ұлан ғайыр территорияда дене мәдениетінің, дене тәрбие саласында әрқилы қарым – қатынастар ауыз күйістес болғандығы жөнінде деректер келтіріледі Кезінде үндістан аймағының ескі қалаларынан домалақ тастар, бір тақтайшалар табылды. Ол қазіргі тоғызқұмалаққа ұқсас . Бұл зат туралы ағылшын археологы Э.Маккой былай жазады : «Осы бір зат Африка тайпаларында кеңінен таралған ойын тақтасына ұқсайды.» Осы тектес үстел ойындардың тарихын зерттей келе М. Тәнекеев 1957 жылы мынадай пікірге келеді:«Түрлі үстел ойындары, оның ішінде тоғызқұмалақ Орта Азия мен Қазақстаннан бастап Үндістан мен Солтүстік Африкаға дейінгі кең ауқымды қамтыған, оның үстіне осы халықтырдың аймақтық байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі ІV-V мыңжылдықта да болған» [2].     
      Тоғызқұмалақ ойынының шығуына байланысты айтқан М.Тәнекеевтің қорытындылары соңғы жылдары жаңа мәліметтерге толықты. Атап айтқанда, 1970 жылы қазақ археологтары біздің дәуірімізге дейінгі І-ІV ғасырларда Оңтүстік Қазақстан облысындағы көне орындарды қазу барысында ойынға арналған түрлі домалақ тастарды тауып алды. Егжей тегжейін зерттеу барысында олар бұл тастардың тоғызқұмалақ ойынына арналғанын білді.
      Жоғарыда айтылған тарихқа байланысты тоғызқұмалаққа ұқсас ойындар бүкіл Азия мен Африкада, Европаға кеңінен тараған. Бұл жөнінде М.Тәнекеев былай деп жазады: «Келтірілген фактілер өзара мәдени ықпал мен мәдени қатынастың сонау ерте дәуірдің өзінде-ақ мына құрлықтан ана құрлыққа шығып кеткендігін байқатады » [3].   
      М.Тәнекеевтің еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеялары арқылы, жас ұрпақ тәрбиесіне бағыт бағдар беретін дүниелер мол деп есептейміз.
      Профессор М.Тәнекеевтің үлкен еңбегі, ел басына түскен сын сағатта халқының рухын асқақтата көтеріп, қол ұшын берген, ұлтжанды, қазақтан тұңғыш күрес шебері, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін ардақ тұтып, күллі қазаққа таныстыруы, «Қажымұқан» кітабының жарық көруі, кейінгі ұрпақ алдындағы парызы еді.   
      Онда Қажымұқан Мұңайтпасұлының бойында тұлғалық ерекшеліктер отансүйгіштік достық, сыйластық, адалдық, кішіпейілдік, туған жер мен тілге зор құрмет сияқты қасиеттерді табуға болады. Тұтас ұлттың қасиет қадірін бір адамның бойынан көргісі келетін дәстүр сабақтастығы, ұрпақ жалғастығы ұғымын піртұтатын халықтың және адамгершілігіне ерекше мән бергендігінің белгісі. Кейін бұл кітаптың мазмұны бойынша 1980 жылы «Қажымұқан» атты көркем фильм түсірілді.
    Профессор М.Тәнекеев – еліміздің спорт тарихында өзіндік өшпес із қалдырған, сан қырлы талант иесі. М.Тәнекеев сынды біртуар азаматтарымыздың рухын еске алып, үлгі тұтып есімін қастерлеу , кейінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, осынау ата-бабамыздың салт дәстүрлерін негізге ұстану бәрімізге ортақ парыз болуға тиіс.
  М.Тәнекеев қазақтың ұлттық ойындар тарихын зерттуші ғана емес. Ол Қазақстанда дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауға, осы өнердің қазақ әдебиеті мен өнеріндегі орны, мән-мағынасы ретінде ағартушылық жұмыстар да жүргізді.
Қазақстан мен Орта Азия республикалары арасында тұңғыш ашылған дене тәрбиесі институтында көптеген дүние жүзіне белгілі, Олимпиадалық ойындардың чемпиондары осы ұлағатты ұстаздан дәріс алды және әрқашан осы саланың ғылыми атасы деп санады.

.27.01.12 18:42

ӘОЖ:316:37.037:796/799
М.ТӘНЕКЕЕВТІҢ СПОРТТЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ  ҰСТАНЫМЫ

                          Ш.Н.Қуатбеков, Л.К.Керимов
                      Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ізденушісі
      п.ғ.д., профессор Абай атындағы АМУ

Түйін: Бұл мақалада қазақтың ұлттық спорт түрлерін зерттеуші ғалым, профессор М.Тәнекеевтің  ұлттар арасындағы спорттық қатынасты дамыту ерекшелектері қарастырылады.
       
  Әрбiр ұлттың рухани бет-бейнесiнiң қалыптасуы - бұл ұзақ та өте күрделi әлем. Оның қалыптасуында: ұлттық мүдде, ұлттық сана-сезiм, ұлттық мәдениет, ұлттық тiл мен дiл, ұлттық салттар мен дәстүрлер және т.б. шешушi рөл атқарады. Бұл профессор Мұратхан Тәнекеевтiң ұстанымы [1]. Ұлтаралық - қоғамдық өмiрдiң ең маңызды мәселелерiнiң бiрi. Оның мазмұны ұлттың iшкi даму үрдістерiне және ұлттардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасына негiзделген қоғамдық прогрестiң iлгерiлей түсуiн қамтамасыз етедi.
  Бүгiнде елiмiз егемендiк алып, кешегi тоталитарлық идеологиядан құтылып, өзiнiң көк байрағын желбiреткен шақта дене тәрбиесi мен спортты дамытуға да жаңаша көзқарас қалыптастырған жөн.
  Қазiргi уақытта оқымыстылар дене тәрбиесi мен спортта интеграция үрдістерiнiң жүрiп жатқанын жиi айтады. Оның негiзi неде? Професор М.Тәнекеевтiң пiкiрiнше оның негiзi дене тәрбиесi мен спортта ұлтаралық қатынастардың өрiстей түсуiнде. Қазақстан ғалымдарының ішінде осы аталған спорттың ұлттық мүдделеріне баса назар аударып, тұңғыш жете зерттеген профессор  М.Тәнекеев.
  Професор Мұратхан Тәнекеевтiң өз тiлiмен айтар болсақ: «Дене тәрбиесi бүкiл адамзаттың даму тарихында әлемдегi барлық халықтардың өмiрiнде шешушi рөл атқарып келген» [2].
Адам қоғамдастығының тарихи дамуының барлық дәуірінде әлеуметтік мәдени байланыстар мен қатынастардың өз ерекшекліктері болады. Ертедегі байланыстар мен қатынастардың ең көне түрлерінің бірі – дене тәрбиесі. Ол әрбір тарихи дәуірде әртүрлі ұлт адамдарының арасындағы сабақтастықтың, ортақ құндылықтың дамуына себін тигізеді. Сондықтан да олар байланыстарды жетілдіруге тырысады. Ұлтаралық қатынастардағы бұл күрделі құбылысты тек тарихи салыстырулар мен теңестірулер анық көрсете алады. Дене тәрбиесi мен спортты сол ұлттың рухани бет-бейнесiнен бөле-жара қарауға болмайды. Себебi, олар сол ұлттың өмiрiмен бiте қайнасып дамыған. Оны ешкiм де жоққа шығара алмайды.
  Соған қарамастан, аса маңызды категория ретiнде ұлтаралық туралы философиялық-әлеуметтiк еңбектер қоры бар.
      ХХ – ғасырдың басында спорттың әлеуметтік мәселелеріне қызығушылық артқан кезең болды. Бұған дейін спорт дене тәрбиесінің әдісі, денсаулықты нығайту, еңбекке және әскери дайындыққа бейімдеу ретінде әлемнің көптеген елдеріне танылды.  Бүгінгі таңда дене тәрбиесі мен спорттың ұлттық тар шеңберде дамуы қиын-ақ. 1995 жылы 28-29 қыркүйек айында «Қырғыз дене тәрбиесінің даму мәселелері» атты конференцияда профессор М.Тәнекеевтің «Дене тәрбиесі және спорт саласындағы ұлтаралық бір-бірін толықтыру процестері» атты мақаласы да осы ойды қуаттай түседі. Мұндай еңбектер тек мамандардың ғана емес, сонымен бірге қалың оқырмандардың да ойынан шығатыны анық. Өйткені, бұл еңбектер дене тәрбиесі мен спорт құралдары арқылы жеке адамды тәрбиелеудің көкейкесті мәселелерін жан-жақты көрсете білуімен құнды. Осы мәселелерді М.Тәнекеев жете аңғарып көптеген конференцияларда қарастырды.
      Дене шынықтыру мен дене тәрбиесі теория саласында спорттық мүдделер мәселесі туралы зерттеулер көп. Профессор И.И.Понамаревтің пайымдауынша «Адамдардың дене тәрбиесімен айналысу қажеттілігі және олардың бір-бірімен қарым-қатынасының көрінісі дене тәрбиесі мен спорттық мүдделер болып табылады» [3]. Мүдделердің танымдық бағыты өте күшті. Бұл мәселені зерттеумен Рип М.Д., Войликов А.М., Енгизерян В.Г., Водолажский Г.Г., Палайма Ю., Арвисто М.А, т.б ғалымдар көп айналысқан [4]. Қазақстан ғалымдарынан Р.Р.Аманбаев., Ж.К.Оңалбековтердің зерттеулерін айта кетуге болады.
      Профессор М.Тәнекеев осы айтулы ғалымдармен тығыз байланыс жүргізді. Мұндай ерекше еңбектердің қатарына «Спорт пен дене тәрбиесі социологиясы» атты оқулық құралын жатқызуға болады.
      Әлеумет – бұл қоғамның біртұтас ұйымының күрделі бір тұсы. Бұл тұтас топ қоғамның қызметі іске асқан кезде тұтас ағза тәріздес бірдей іске қосылады.
      Әлеуметтік, біріншіден қоғамның тұтас екендігін айтады және адамның немесе әр түрлі қоғамдық білімдердің өздерін өмір (тіршілігіне) кезеңінде бір-біріне байланысты екендігін айтады. Екіншіден, әлеуметтік, қоғамды экономикалық және саяси тұстарынан ашып көрсетеді.
      Социология әлеуметтік үрдіс пен әлеуметтік ұйымдардың сапаларымен заңдылықтарын және мәнін оқытады. Социологияның негізгі саласы – спорт социологиясы. Ағылшын тілінен аударғанда көңіл аулау, ойын деген мағынаны білдіреді. Спорт социологиясы – қоғамдағы әлеуметтік – саяси, экономикалық салаларымен байланыстыра отырып спортты қалыптастыру және жетілдірудің құрлымын оқытады.
      Спорт – қазаргі мәдениеттің негізгі феномені. Спорт социологиясында дене тәрбиесі мен спорт тұтас қоғам жеке тұлғаны ішкі және сыртқы факторға бейімдеп жетілдіру, ойын әрекетін сезіндіру болып қаралады. Спорт тек дене белсенділігін ғана емес, сонымен бірге адам өзінің тұлғасы мен мүмкіншілігін біледі. Спорттағы дене және рухани күшінің бірігуі нәтижесінде – батылдық, ерлікке, жолдастық, ерік-жігер қасиеттері шыңдалады. Спорттың халықаралық функциясы өте зор. Әлем және ұлт, халықтар арасында достықты нығайтады.
  М.Тәнекеев былай деп жазды, «Қазiргi спорттық әдебиеттерде ұлтаралықты халықаралық деп түсiндiрсе, керiсiнше, халықаралықты ұлтаралық (интернационалдық) деп түсiну бар. Мысалы: «халықаралық спорт түрлерi», «интернационалдық спорт түрлерi». Ал, қоғамдық-саяси әдебиеттерде: «интернационалдық әдебиет», “интернационалдық бригада” және т.б. айту қалыптасқан» [5].
  Белгілі ғалым М.С.Жұнісов былай дейді: «Ұлттық мүдде бұл әлеуметтік субьекті ретінде бір немесе басқа ұлттардың бір-бірімен қатынасы әр ұлттың өзінше өмір сүру шарты» [6]. Осы арқылы «ұлттық мүдделердің ауқымы өте кең, қоғамдағы барлық мүдделер бүтіндей бір жүйе болып табылады. Ұлттық спорттық мүдделер адамдардың қажеттілігінен туындаған ұғым»,- дейді М.Тәнекеев [7].
      Дербес мемлекет болып, тәуелсіздік алған Қазақстан ең алдымен өз шекарасын нығайтуды емес, халықаралық байланыстарын жолға қоюды қолға алды. Себебі ұлтаралық ынтымақ – бейбітшіліктің кепілі. Сол себептен Мемлекетіміз көптеген қауымдастықтарға мүше болып, әлемнің жүзден асқан елімен дипломатиялық байланыстар орнатты.
Кез келген ұлт өз ұрпағын сауатты да саналы етіп тәрбиелеуді мақсат тұтады. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу - біздің қоғамның алдындағы борышымыз. Ал ойлы, пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, дені сау, еңбекке бейімді еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің бағалы байлықтарының бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болатыны анық.
Сол себептен, біз қазіргі жастарымызға ата-бабаларымыздың өсиетті сөздерін насихаттап, асыл мұраларын саралап, оны жас ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануымыз керек. Себебі, «Ұлттық тәлім-тәрбие алмаған жастың ұлттық рухы болмайды» - деген қағиданы санамыз бен сенімімізге берік сіңдіріп, бүгінгі өмірге шынайы орнықтыру қажет.
Өзіне түсіністік пен келісім, татулық пен ынтымақтастық қасиеттерін бойына жинаған «достық» сөзінде үлкен даналық, қуатты күш жатқандығын сезінеміз. Балаларды жас кезінен бастап достыққа, сүйе білуге, қайырымды болуға, өзгелерге өз жүрегінің жылуын сыйлай білуге, тәрбиелеу ісі жүктелген біздер, педагогтар, басқалардан да гөрі оларды интернационалистер етіп өсіруге, бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға тиіспіз. Әсіресе қазіргі заманда түрлі күдікті секталардың пайда болуы, терроризмнің, діни-ұлтшылдықтың белең алып келе жатқанын алыс және жақын шет елдерден жиі кездестіретін болдық. Сол себептен біздің енді дамып келе жатқан жас егеменді еліміздің бейбітшілікте өмір сүруі, дамыған елу ел қатарына ену үшін де, көп ұлтты ел болғандықтан, сол ұлттардың ауызбіршілікте, сыйластықта болуы бізге қазір ауадай қажет деп айтсақ артық емес. Ол үшін де біздің елбасымыз көп еңбек етіп жатқаны баршамызға мәлім. Оған дәлел ретінде президенттің қолдауымен Қазақстан халықтар ассамблеясының құрылуы және елордада бой көтерген «бейбітшілік пен келісім сарайының» салынуы дәлел болады. Ал оған біздің қосар үлесіміз қандай? Біздің де атқарар еңбектеріміз, қосар үлесіміз көп екені даусыз. Өзіміз білетіндей, ата-бабаларымыз бұрыннан бауырмал халық болған. Олардың бізге, жастарға қалдырған қаншама өсиеттері, аңыз-әңгімелері, өлең-жырлары бар. Ал біздің басты міндетіміз сол атқарылған мәдени мұраларды жас жеткіншекке жеткізе білу, олардың жүрегінде патриоттық және интернационалдық сезім отын жағу.
Қазiргi ғылыми-техникалық прогрес айтарлықтай дамыған бүгiнгi қоғамда жаңа рухани құндылықтарға жол ашылатыны бесенеден белгiлi жайт. Ол бiрiншi кезекте дене тәрбиесi мен спортты өркендету арқылы жастардың үлкен өмiр жолында спортты серiк етiп, алға қойған адами мақсат-мұраттарына жетуге ұмтылдыру болып табылады.
      Қазақстандағы Кеңестік жүйе кезінде қазақтың спорттық мүдделері дүние жүзі Европа чемпионаттарында, Кеңес спортшылары қатысқан олимпиадалық ойындарда ескерілмеді, назардан тыс қалды. Қазақтың  ұлттық спортының түрлеріне қатысты-« спорттық олимпиядалық ойын түрі емес» деген термин қалыптасты. М.С.Горбачевтің қайта құру кезеңінде ұлттық спорт түрлері олимпиадалық бағдарламасына кірмейтін спорт түрлері деп, спорттық мектептердегі ұлттық спорт түрлерін жаппай жапқан кезде, Ғалым М.Тәнекеев бұлай ету дұрыс жол еместігін айтып көрсетіп, бұл халқымыздың асыл қазынасы, халықтар арасында үлкен рөлге ие екендігін дәлелдеп талай басшылардың есігін тоздырды. Ал бұл атау барлық өзге ұлтарға қатысты нәрсе. Европа чемпионаттарына, олимпиадалық ойындарға және ірі жарыстарға қатысып жеңіске жеткен, жүлделі орындарға ие болып қайтқан Қазақстан спортшылары, қазақ ұлтының өкілдері қазақ халқының ұлттық мүдделерінің шындығында да ескерілмей, аяқ асты болғандығын жасырмайды. Бұдан шығатын қорытынды, шын мағынасында қазақтың ұлттық спортының түрлерін дүние жүзілік және ТМД көлемінде аренаға шығаратын кез келді. Біз мұны естен шығармауымыз керек. Осы уақытқа дейін назардан тыс қалып келген спорттық мүдделерге қазақ ұлтының қоғамдық өмірінде белсенді рөл атқарады. Қоғамның әлеуметтік әрекеті адамзат өмірін жақсартуға, барлық қоғам мүшелерінің, олардың әлеуметтік білімдерін, еңбек етуде бар мүмкіншіліктерін толық қолдануға және жетілдіруге, денсаулықтарын сақтауға, халыққа білім беруге, дене тәрбиесі мен спорт саласын жетілдіруге бағытталған.
      Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекеттерге дене тәрбиесі мен спортқа байланысты ұлттар арасындағы қарым-қатынас мәселесі өте маңызды. Сондықтан оған қалай болса солай ойланбай, үстірт қарауға болмайды. Арзан шешім мен саяси сөзуарлыққа төзбеу керек. Ресми насихаттың біздің елімізде барлық ұлтаралық мәселелер шешілген деп жар салғанына көп уақыт өткен жоқ. Ал қазіргі жариялық пен демократия заманында жалтақтамай, ашық түрде өмірдің барлық саласында орталыққа еліктейтін жалған интернационализмнің кең орын алғандығын, оның жалаң саяси ұранға айналуы сияқты келеңсіздіктердің қоғам өмірінің бар саласына, оның ішінде спорт пен дене тәрбиесіндегі қарым-қатынастарға кері әсерін тигізгенін айта аламыз.


                      Пайдаланылған әдебиеттер

  1. М.Тәнекеев. Докт. диссер. Алматы. 1998. 80-бет
  2.  М.Тәнекеев. Докт. диссер. Алматы. 1998. 12-бет.
  3. Пришме. 1914. №66, 27 апреля
  4.Ревенко Н.В. Социально-психологический анализ стилия руководства.
    Ав.дисс.канд.психол.наук.-М.:1980.-с. 13
  5.  М.Тәнекеев. Докт. диссер. Алматы. 1998. 125-126 б
  6.  Петровская Л.А. Компотентност в общении. –М.: изд. МГУ 1989. -216 с.
  7. М.Тәнекеев.Докт. диссер. Алматы. 1998. 215 б
  8. М.Т.Таникеев. Соцология физической культуры и спорта. Алматы. «Ғылым» 1994.5 с

.15.02.12 14:13

ҚАЖЫМҰҚАН .
                                                  Сөзі,әні .
Жігерлі .    Серікбай  Маханұлынікі .
                     
    Әлемге    әйгілісің  Қажымұхан ,
    Сан қилы күрестердің тағын алған .
    Қан  майдан-соғыс  жылы  Отанына
    Самолет  жасау үшін қаржы салған .
            Қайырмасы :
        Неткен  күш  тұла  бойдан  тасыған ,
        Өнерін  тақ  үстінде    асырған .
        Поддубный  досы  болып  күресте
        Күш  ата    жаратылдың  асылдан ,
                        Қажымұхан .

    Күрестен  сан  палуан  құлағанда ,
    Иленді    сом  темірлер  бұрағанда .
    Быт – шыт боп үгетілді  таудай тастар
    Кеудеден  қос  балғамен  ұрғанында .
                                   
              Қайырмасы :
    Үлгі  боп өткен  өмір  жылдарыңа ,
    Ашылды  мұра  жайың  ұрпағыңа .
    Құрметпен  жылда өтер  үлкен  жарыс
    Қазақтың    сайыпкерлер  құрамына .
              Қайырмасы :

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: