Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
- 1949 ж.Рақышев Хамит Қошанұлы
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 23.02.12 10:04Қожағұлұлы Біржан
- Тамаша,сіздерге алгысым шексіз!
- 22.02.12 15:57Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - бар “аурудың” емі”!
- 22.02.12 13:22ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Құрметті Мұқан Әтенұлы Апта Адамы болу Қурметіңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан мықты денсаулық,...
- 22.02.12 08:11ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
- Жанаттай, сұлуым, ақылдым! Тек тіл-көзден аман болып, жанұялық бақытың мен өмірлік ұстанымыңмен шаттана...
- 22.02.12 07:35Абылай хан
- Kazaktin tarihinda 65 Xan bolsa, onin 21 Ruhani Astanamiz Turkistanda jerlengen.Onin iwinde atakti uw juzdin basin koskan Abilai Xan da Bar, Men seni maktan etem Turkistanim
- 22.02.12 07:29Әбу Наср әл-Фараби
- Uli Tulga Babamiz
- 21.02.12 12:51Әубәкір Ысмайылов
- Бұл адам Абылай бейнесін кайдан алды?
- 21.02.12 12:48ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
- Сәлеметсіз бе! Сізді қарапайым қазақ қызының символы ретіде құрметтеймін! Айтқандарыңыз өте орынды. Алдағы...
- 21.02.12 10:28Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- kuwti
- 20.02.12 19:24ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Құрметті Мұқан Әтенұлы сізді апта адамы болуыңызбен құттықтаимыз,деніңізге саулық,отбасыңызға...
- 19.02.12 14:53ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Құрметті Мұқан құда! Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!! Алланың берген әрбір жақсылығы...
- 19.02.12 08:21ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Құрметті Мұхан !!!Сізді “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Деніңізге саулық ,от басыңызда амандық...
- 18.02.12 16:11ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз,денин сау болсын!биик шындардан корине бер!отбасын...
- 18.02.12 16:03ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Құрметті Мұқан Әтенұлы.Еңбегіңіз алға өрлеп, әрдәйім халқыңа адал қызмет ете бер! Алланың нұры жаусын! Ізгі...
- 18.02.12 13:05Алтынсарин Ыбырай
- ote keremet jane soz jok akin ol akinga ewbir akn jetpes
- 18.02.12 09:55ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Жуалы да туған батыр бабамыз Бауыржанның Момышұлының ұрапағы Мұқан Әтенұлы.Сізді апта адамы болуңызбен...
- 18.02.12 08:23ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Оте куаныштымын !!!!Алланын нуры жаусын .
- 18.02.12 08:19ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Сизди шын журектен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін коп...
- 18.02.12 08:02Қалдаяқов Шәмші
- Шәмші атамыздай ер туса біз тағы бір музыка әлеміне жол тартар едік. Шәмшідей ул жоқ емес бар, бырақ Шәмші...
- 18.02.12 07:59ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Мұқан сенің жетістіктеріңе қуаныштымын.Саған зор денсаулық,отбасыңа бақыт,еңбегіңе жемістер тілеймін! Ізгі...
- 17.02.12 08:06Мақатаев Мұқағали
- М Мақатевтың ;Аққулар ұиықтаганда ‘’өлеңіне тусініктемесі керек еді жіберулеріңізді саитыма өтінем ...
- 17.02.12 07:33ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз. Жетістіктеріңіз көп болып, жемісін көріңіз, әр-дайым...
- 16.02.12 22:15БОПАЙ ХАНЫМ
- Мен бұл деректі шынымды айтсам осы кезге дейін білмей келдім.Бопай ханымның ерликтери ауыз толтырып...
- 16.02.12 21:37Амангелді Үдербайұлы Иманов
- ООООО Улкееееен рахмееет! ))))
- 16.02.12 17:58Қабанбай батыр
- Спасибо пригодилось.))))
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 0 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
_”Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университеті
Университет Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы үкіметтерінің арасындағы халықаралық келісім негізінде ашылған. Келісімшарт ҚР Парламентінде ратификацияланды, 2003 жылдың 2 шілдесінде президент Н.Ә.Назарбаев бекіткен соң заңға айналды.
Оқу орнына ҚР Білім және ғылым министрлігінен лицензия берілген АА №0000189, мемлекеттік аттестациядан өткен.
«Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті»–Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді имамдар, исламтанушылар, дінтанушылар даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны.
Университетте осы заман талабына жауап бере алатын дінтанушы, араб тілі мен әдебиеті оқытушылары, аудармашылары даярланады. Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Университетте Египет пен Қазақстанның мамандарының ынтымақтаса еңбек етуіне жол ашылған. Сондай-ақ үкіметаралық келісім Египеттің оқу, ғылым саласындағы білікті мамандарын шақыртуға мүмкіндік туғызып отыр. Студенттердің араб тілін меңгеру қабілетін арттыру мақсатымен, Египеттің әл-Әзһар, Каир, айн-Шамс, Александрия, Әлмения университеттерінен білікті доктор- профессорлары шақыртылған.
Университет ректоры М.Ф. Хижази – тек өз елінде ғана емес, күллі араб еліне танымал болған ғалым, академик, профессор. Араб тілінен тыс ағылшын, неміс, француз, еврит тілдерін еркін меңгерген, әлемнің көптеген университеттерінде дәріс берген ұлағатты ұстаз, жиырмаға тарта зерттеу кітаптарының авторы. Германияда магистрлігімен мен докторлығын қорғаған, Сирия тіл академиясының, Египет араб тілі академиясының мүшесі.
Университет проректоры Шамшәдин Керім – филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі арабтанушы ғалым. Фольклортану, араб филологиясы, исламтану салалары бойынша бірнеше кітаптары жарық көрген, 100-ге жуық мақалалары жарияланған, 50-дан астам ғылыми конференцияларға қатысып сөз сөйлеген. 19 жылдан астам уақыттан бері жоғары оқу орындарында оқытушылық, ұйымдастырушылық, басшылық қызметтермен шұғылданып келеді.
Факультет деканы Мұхаммад Махфуз ақида, ислами ой-пікір саласы бойынша білікті маман болса, оқу бөлімінің меңгерушісі – ғылым кандидаты Әли Әлмұхамметов дінтану, ислам социологиясы пәндерінен дәрістер жүргізеді. Оқу орнында «Исламтану», «Араб филологиясы», «Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері» атты үш кафедра жұмыс істейді. Осы кафедраларға ғылым докторлары фиһқ маманы Ата ас-Сынбати, араб әдебиетінің маманы Абдурахман Саад, педогика, шет тілін оқыту әдістемесінің маманы Шолпан Бәйнеш меңгерушілік жасайды.
Университетте студенттердің жән-жақтылы білім алуына толық мүмкіндік жасалған. Соның бірі- университет кітапханасы. Университет құрылуымен бірге құрылған кітапхана да қазақ, орыс, араб тіліндегі көркем әдебиеттер, оқу құралдары, қазақ және араб ғұламаларының шығармалары, ғылыми- танымдық әдебиеттер, діни кітаптар болып, кітаптың үлкен қоры сақталған. университетте студенттердің білім қорын арттыру, араб тілін тезден игеруге деген ізденісіне жол ашу мақсатында, кітаптардан сырыт, мол компакт-диск қоры да сақтаулы.
Университет жанындағы Нұр-Мүбарак мешіті-студенттерге практикалық жақтан жетекшілік ету, уағыз-шариғат айтқызу, белгілі діни қайраткерлермен кездесу өткізу мақсатында жұмыс істеп келеді.
Университетте оқығысы келетін және оқып жатқан студенттердің күн санап көбеюіне байланысты, студенттердің тұрмыс мәселелерін шешу мақсаты мен жаңа оқу корпусы мен студенттер жатақханасы салынуда.
Студенттердің білім сапасын арттыру үшін, 2008 жылдың 1- қыркүйегінен бастап, Екі шет тілі/араб және ағылшын тілдері/ мамандығы бойынша алғаш рет университетте магистратура ашылып, оқу басталды. Магистранттардың білім деңгейін жоғарылату мақсатында, оларға университет ректоры академик М.Ф. Хижази бастаған тәжірибелі профессорлар мен докторлар сабақ беруде.
Университет студенттеріне Египетте курстардан, машықтанудан өтуге, магистратура мен докторантура білімін тереңдетуге мүмкіндік жасалады.
Екінші курстан бастап, үздік оқитын студенттер Египеттегі әл-Әзһар, Ескендерия, Әлмения университеттеріне практикаға жіберіледі.
Университетке жаңа оқу жылында төмендегі мамандықтар бойынша студенттер қабылданады:
- «Исламтану» (Ерлер бөлімі);
- «Исламтану» (қыздар бөлімі);
- « Дінтану»;
- «Шет тілі: екі шет тілі»
- (араб, ағылшын тілдері);
- (ағылшын, араб тілдері);
Магистратура:
-«Шетел филологиясы» (араб, ағылшын тілдері);
-«Дінтану»
Сырттай бөлім:
- «Дінтану» қысқартылған бағдарлама бойынша (екінші мамандық алу).
«Дінтану» және «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарына мемлекеттік грант беріледі.
«Исламтану» мамандығы бойынша бітіруші ер азаматтарға «Исламтану бакалавры», қыздарға «Исламтану оқытушысы» және «Тәрбиешісі» академиялық дәрежесі беріледі.
«Исламтану» мамандығына мұсылмандық парызын өтейтін, дін қызметкері болуды мақсат еткен жастар қабылданады.
«Исламтану» мамандығына емтиханнан тыс сұхбаттасу өтеді.
Талапкерден төмендегі құжаттар талап етіледі:
- Орта білім туралы аттестат (түпнұсқа);
- Фотосурет (3х4) 6 дана;
- 086-у үлгідегі медициналық анықтама;
- жеке куәлік (көшірмесі);
Мекен - жайымыз: Алматы қаласы, Әл –Фараби даңғылы, 73;
«Академиялық қалашығы» аялдамасы;
Байланыс телефондары:
8 (727) 269-51-90
8 (727) 269-51-97
Факс: 8 (727) 269-51-95
E-MAIL: ..
Пікірлер
- .25.06.11 12:41
ассалаумаликум. мен2011 жыл түлегімін жинаган баллым102орыс тилсіз88 таңдау пәнім ағылшын сіздерге грантқа түсе аламын ба? қабылдаудан откенсін тағыда сынақ аласыздарма? жауап күтем алдын ала рахмет
- .07.09.11 08:48
Сәлеметсіздер.Мен Кентау қаласында орналасқан Оңтүстік Қазақстан Облыстық арнаулы кәсіптік лицейде оқытушымын(білім алушылар мүмкіндігі шектеулі және ата-анасы жоқ жетім балалар) Менің сұрағым мынадай: оқушымның ұлты орыс, бірақ ислам дінін қабылдаған. құран кәрімді, намазды оқиды, сауты арба тілінен біршама бар. 2-топтағы мүгедек. Сіздердің университетке осындай баланы қабылдай ала аласыздар ма? Рахмет.
- .15.01.12 16:09
ассаляму алейкум уа рахматуллах,филология мамандығында грант бар ма,исламтануға қандай пән тандайды,грант неше бал


















