Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

23.02.12 10:04Қожағұлұлы Біржан
Тамаша,сіздерге алгысым шексіз!
22.02.12 15:57Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - бар “аурудың” емі”!
22.02.12 13:22ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан Әтенұлы Апта Адамы болу Қурметіңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан мықты денсаулық,...
22.02.12 08:11ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
Жанаттай, сұлуым, ақылдым! Тек тіл-көзден аман болып, жанұялық бақытың мен өмірлік ұстанымыңмен шаттана...
22.02.12 07:35Абылай хан
Kazaktin tarihinda 65 Xan bolsa, onin 21 Ruhani Astanamiz Turkistanda jerlengen.Onin iwinde atakti uw juzdin basin koskan Abilai Xan da Bar, Men seni maktan etem Turkistanim
22.02.12 07:29Әбу Наср әл-Фараби
Uli Tulga Babamiz
21.02.12 12:51Әубәкір Ысмайылов
Бұл адам Абылай бейнесін кайдан алды?
21.02.12 12:48ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
Сәлеметсіз бе! Сізді қарапайым қазақ қызының символы ретіде құрметтеймін! Айтқандарыңыз өте орынды. Алдағы...
21.02.12 10:28Қажымұқан Мұңайтпасұлы
kuwti
20.02.12 19:24ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан Әтенұлы сізді апта адамы болуыңызбен құттықтаимыз,деніңізге саулық,отбасыңызға...
19.02.12 14:53ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан құда! Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!! Алланың берген әрбір жақсылығы...
19.02.12 08:21ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұхан !!!Сізді “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Деніңізге  саулық ,от басыңызда  амандық...
18.02.12 16:11ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз,денин сау болсын!биик шындардан корине бер!отбасын...
18.02.12 16:03ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Құрметті Мұқан Әтенұлы.Еңбегіңіз алға өрлеп, әрдәйім халқыңа адал қызмет ете бер! Алланың нұры жаусын! Ізгі...
18.02.12 13:05Алтынсарин Ыбырай
ote keremet jane soz jok akin ol akinga ewbir akn jetpes
18.02.12 09:55ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Жуалы да туған батыр бабамыз Бауыржанның Момышұлының ұрапағы Мұқан Әтенұлы.Сізді апта адамы болуңызбен...
18.02.12 08:23ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Оте куаныштымын !!!!Алланын нуры жаусын .
18.02.12 08:19ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Сизди шын журектен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін коп...
18.02.12 08:02Қалдаяқов Шәмші
Шәмші атамыздай ер туса біз тағы бір музыка әлеміне жол тартар едік. Шәмшідей ул жоқ емес бар, бырақ Шәмші...
18.02.12 07:59ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Мұқан сенің жетістіктеріңе қуаныштымын.Саған зор денсаулық,отбасыңа бақыт,еңбегіңе жемістер тілеймін! Ізгі...
17.02.12 08:06Мақатаев Мұқағали
М Мақатевтың  ;Аққулар ұиықтаганда ‘’өлеңіне тусініктемесі керек еді жіберулеріңізді саитыма өтінем ...
17.02.12 07:33ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз. Жетістіктеріңіз көп болып, жемісін көріңіз, әр-дайым...
16.02.12 22:15БОПАЙ ХАНЫМ
Мен бұл деректі шынымды айтсам осы кезге дейін білмей келдім.Бопай ханымның ерликтери ауыз толтырып...
16.02.12 21:37Амангелді Үдербайұлы Иманов
ООООО Улкееееен рахмееет! ))))
16.02.12 17:58Қабанбай батыр
Спасибо пригодилось.))))

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

0 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Байтоқанова Алтынай

Өнербай Нұрлан Әлтайұлы

Нүсіпжанов Нұрғали Нүсіпжанұлы

Мұстафа Шоқай

Сабден Оразалы Сабденұлы

Байтоқанова Алтынай

Байтоқанова Алтынай

Тілендиев Нұрғиса

Мұқанов Сәбит

Рымбаева Роза

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Серкебаев Ермек

Динара Егеубаева

Бөгенбай батыр

Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ

Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ

Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ (1388-1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік саяси өміріне жүйрік тарихшысы, «Шипагерлік баян» атты толымды емшілік этнографиялық еңбектің авторы, өз тұсында Жәнібек хан, Жиренше шешен сияқты тарихи тұлғалармен бастас болып, ел қамы, халық тағдырына қатысты келелі істерге араласқан қоғам қайраткері.
Өтейбойдақтың өмір дерегі, туған-өлген жылдары негізінен «Шипагерлік баян» кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі. Автор 70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Тілеуқабылұлы Өтейбойдақты 1366 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады.
Өтейбойдақ «Шипагерлік баян» кітабында өзі туралы былай дейді: «Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата-тегім Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым – иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын».
Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата-тегінен жұғысты болған. Ата-баба әулетінің жинақтаған мол тәжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медицинасын ғылыми жүйеге келтірген. Сөйтіп, шипагерліктің өз замандағы биік деңгейіне көтеріле білген. Бұл жолда ол Әл-Фараби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас құрап, үйлі-баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бәрін тәрік етіп, бүткіл өмірін шипагерліктің қыр-сырын игеруге сарып еткен.
«Шипагерлік баян» бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын ұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиген. Қалған бөлігі Қытайдағы атышулы «мәдени төңкеріс» кезінде «хуң-уейбиндер» тарапынан өртелген.
Өтейбойдақтың «Шипагерлік баян» кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл рете, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғұлама ғалым болғанын пайымдатады. Сондай-ақ «Шипагерлік баян» кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 318 түрлі, метал-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы, 500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бұл еңбектің тарихи-этнографиялық мән-маңызының ерекше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ «Шипагерлік баян» ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі.
«Шипагерлік баян» кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тек қана ғұлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүние-танымына, рухани мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды тұлғасы болғаны айқын аңғарылады.


Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 69 б.


Пікірлер

.27.01.12 18:04

Бұл еңбектің ерекшелігі ғылымнамалық ұлы еңбек бола алуындағы себеп - тек қана шипагерліктің шын мәніне жету үшін оған астрономияны, философияны, психологияны, этографияны, ұлттық салт-сананы, тарихты тығыз ұштастыра білуінде.

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: