Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
- 1949 ж.Рақышев Хамит Қошанұлы
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 23.02.12 10:04Қожағұлұлы Біржан
- Тамаша,сіздерге алгысым шексіз!
- 22.02.12 15:57Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - бар “аурудың” емі”!
- 22.02.12 13:22ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Құрметті Мұқан Әтенұлы Апта Адамы болу Қурметіңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан мықты денсаулық,...
- 22.02.12 08:11ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
- Жанаттай, сұлуым, ақылдым! Тек тіл-көзден аман болып, жанұялық бақытың мен өмірлік ұстанымыңмен шаттана...
- 22.02.12 07:35Абылай хан
- Kazaktin tarihinda 65 Xan bolsa, onin 21 Ruhani Astanamiz Turkistanda jerlengen.Onin iwinde atakti uw juzdin basin koskan Abilai Xan da Bar, Men seni maktan etem Turkistanim
- 22.02.12 07:29Әбу Наср әл-Фараби
- Uli Tulga Babamiz
- 21.02.12 12:51Әубәкір Ысмайылов
- Бұл адам Абылай бейнесін кайдан алды?
- 21.02.12 12:48ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
- Сәлеметсіз бе! Сізді қарапайым қазақ қызының символы ретіде құрметтеймін! Айтқандарыңыз өте орынды. Алдағы...
- 21.02.12 10:28Қажымұқан Мұңайтпасұлы
- kuwti
- 20.02.12 19:24ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Құрметті Мұқан Әтенұлы сізді апта адамы болуыңызбен құттықтаимыз,деніңізге саулық,отбасыңызға...
- 19.02.12 14:53ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Құрметті Мұқан құда! Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!! Алланың берген әрбір жақсылығы...
- 19.02.12 08:21ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Құрметті Мұхан !!!Сізді “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Деніңізге саулық ,от басыңызда амандық...
- 18.02.12 16:11ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз,денин сау болсын!биик шындардан корине бер!отбасын...
- 18.02.12 16:03ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Құрметті Мұқан Әтенұлы.Еңбегіңіз алға өрлеп, әрдәйім халқыңа адал қызмет ете бер! Алланың нұры жаусын! Ізгі...
- 18.02.12 13:05Алтынсарин Ыбырай
- ote keremet jane soz jok akin ol akinga ewbir akn jetpes
- 18.02.12 09:55ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Жуалы да туған батыр бабамыз Бауыржанның Момышұлының ұрапағы Мұқан Әтенұлы.Сізді апта адамы болуңызбен...
- 18.02.12 08:23ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Оте куаныштымын !!!!Алланын нуры жаусын .
- 18.02.12 08:19ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Сизди шын журектен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз!Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін коп...
- 18.02.12 08:02Қалдаяқов Шәмші
- Шәмші атамыздай ер туса біз тағы бір музыка әлеміне жол тартар едік. Шәмшідей ул жоқ емес бар, бырақ Шәмші...
- 18.02.12 07:59ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Мұқан сенің жетістіктеріңе қуаныштымын.Саған зор денсаулық,отбасыңа бақыт,еңбегіңе жемістер тілеймін! Ізгі...
- 17.02.12 08:06Мақатаев Мұқағали
- М Мақатевтың ;Аққулар ұиықтаганда ‘’өлеңіне тусініктемесі керек еді жіберулеріңізді саитыма өтінем ...
- 17.02.12 07:33ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ
- Шын жүректен “Апта адамы” болуыңызбен құттықтаймыз. Жетістіктеріңіз көп болып, жемісін көріңіз, әр-дайым...
- 16.02.12 22:15БОПАЙ ХАНЫМ
- Мен бұл деректі шынымды айтсам осы кезге дейін білмей келдім.Бопай ханымның ерликтери ауыз толтырып...
- 16.02.12 21:37Амангелді Үдербайұлы Иманов
- ООООО Улкееееен рахмееет! ))))
- 16.02.12 17:58Қабанбай батыр
- Спасибо пригодилось.))))
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 0 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы, мемлекеттік шекарасын айқындауы, төл теңгесін шығаруы сияқты аса маңызды егемендік сипаттарымен біте қайнасып жатыр. Тәуелсіз Қазақстанның рәміздерін жасау, оны халық талқысына салу, арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның сараптамасынан өткізу – жоғары маңызды міндет еді. «Туымыздың түсі қандай болады?», «Елтаңбамыздың ерекшелігі неден байқалады?», «Әнұранымыз ұлттық рух беріп тұра ма?» деп талай қазақ баласы егемендігіміздің елең-алаңында ұйқы қашырған болатын. Көне түркі дәуірлерін айтпағанның өзінде, бергі ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығының да өз байрағы, байтағы, шекарасы болған. Кешегі кеңестік дәуірде де одақтас республикалардың бірі ретінде кеңестік Қазақстанның туы, елтаңбасы, әнұраны болды. Бірақ бұл толық дербестігімізге, егемендігімізге кепілдік бере алмайтын еді. Біз Одақтың құрамындағы, бодандық құрсауындағы ел едік. Еліміз толық тәуелсіздікке 1991 жылы ғана қол жеткізді. Қазақ мемлекеті құрылды. Әлемдік қауымдастық дербес мемлекет ретінде тани бастады. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған заңдармен тұңғыш рет тәуелсіз еліміздің Туы, Елтаңбасы бекітілді, ал 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік Гимніміз туралы заңға қол қойылды. Бұл мемлекеттік рәміздеріміз елдігіміздің айғағына айналды. 1996 жылғы 24 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойылды. Яғни, мемлекеттік рәміздер бір заң аясына топтастырылды.
Президенттің 2004 жылдың 4 маусымындағы № 837 Жарлығына сәйкес, республикамызда 4-маусым «Мемлекеттік рәміздер күні» ретінде аталып өтіліп келеді. Бұл мерекенің жөні ерекше. Себебі, әрбір азаматтың жүрегінде Отанына деген сүйіспеншілікті, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуда мемлекеттік рәміздердің маңызы аса зор. 2007 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қойып бекіткен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы мемлекеттік рәміздерімізді пайдалану тәртібін нақты белгілеп, осыған байланысты мемлекеттік органдардың құзіретін айқындады, жауапкершілікті арттырды. Көк аспан түсті Туымыз, айбынды Елтаңбамыз, асқақ Әнұранымыз – баға жетпес құндылықтарымыз. Ал осы құндылықтарға деген қарапайым халықтың құрметін қалыптастыру, жас ұрпақтың санасына Отаншылдық сезімді сіңіру, патриоттық аңсарды тәрбиелеу – басты мақсатымыз, перзенттік парызымыз болуы керек. Әрине, бұл орайдағы ұдайы жүргізілетін тәлімдік, тәрбиелік, үгіт-насихат жұмыстары балабақша мен мектептен бастау алып жатқаны құба-құп. Ата-бабаларымыз «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бекер айтпаса керек. Кейбір ортада мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, оларды насихаттау тек мемлеккеттік органдардың, билік мекемелерінің міндеті деген сыңаржақ пікір бар. Ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабында: «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» деп тайға таңба басқандай жазылған. Ал сол міндеттілікті сезіну үшін, орындау үшін әрбір отандасымызға үйде, балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында, өндірісте, мекемелерде ұдайы тәлімдік-тәрбиелік жұмыстар жүргізілуі керек. «Біздің Мемлекеттік туымыз неге көк түсті?» деген сауалға: «Туымыздың тұтас көк түсті болуы – бейбітшілігіміздің, бірлігіміздің, бөлшектенбейтіндігіміздің, біртұтастығымыздың белгісі» деп сайрап тұрған жасөспірімдерді көргенде қалай риза болмайсыз.
2006 жылы Мемлекеттік Гимнімізді қайта жаңартып қабылдадық. Бұл – біз үшін аса бір көңілтолқытарлық жағдай болды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде, ызғарлы да ызбарлы дүлей күшке қарсы шығып, теңіздей толқыған қалың қазақтың уыздай жастары композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін кеудеміз намысқа тола, бодандықтың бұғауынан шығудың жолын аңсай жүріп шырқаған едік. Шын мәнінде осы ән – сол бір қиын-қыстау сәттегі егемендікті аңсаған еліміздің әнұраны еді. Енді, содан бері, 20 жылдан соң, сол құдіретті әннің ресми түрде Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранына айналуы тарихи тұрғыдан алғанда заңды да еді. Әні Шәмші Қалдаяқовтың, сөз мәтіні Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлығымен шыққан жаңа Мемлекеттік Гимн – ерліктің, елдіктің, намыстың дастаны болды. Қазақтың рухын асқақтатты. Әнұранымыздың тек қана мемлекеттік тілде орындалатыны – қазақ тілінің мәртебесін биіктетті. Сөз жоқ, «Менің Қазақстанымның» еліміздің мемлекеттік рәміздерінің біріне айналуына күллі қазақ қауымы қуанды, қолдады, соның ішінде желтоқсандықтардың қуанышы ерекше болғаны даусыз.
Осы жаңа Әнұранымызды Парламент Мәжілісіндегі талқылауға қатысқанымды, оны қолдап дауыс бергенімізді ойлағанда да кеудені патриоттық сезім кернейді. Гимнді шырқағанда оң қолымызды жүрек тұсына қойып тұрып айту жөніндегі ұсынысқа да біз толық құптап дауыс бергенбіз. Бұл жаңа мемлекеттік Әнұранымыздың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті Президенттік сайлауындағы жеңісінен кейінгі дүниежүзінің ел басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысуымен болған ұлықтау рәсімінде алғаш ресми орындалуы – тарихи маңызды оқиға болды. Мұндай сәттер ел тарихында, мемлекет шежіресінде мәңгілікке қалары сөзсіз.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихындағы тәуелсіздікпен түйдей құрдас жастарымыздың сана-сезімі, Отансүйгіштігі, Қазақ еліне деген құрметі қай деңгейде?! Осы жиырма жылда егеменді елдің жастары өз отаны үшін, өз елі үшін намысқа толы, ерлікке пара-пар әрекетке қабілетті азаматтар ретінде қалыптасты ма?! Тәуелсіздігін әлем таныған Қазақстанның қатардағы азаматтары еліміздің мемлекеттік рәміздеріне қаншалықты құрметпен қарайды?! Бұл сауалдар көп ойларға жетелейді. «Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан ақын айтпақшы, біз де болашағымызды жас ұрпақтың жүректеріндегі еліне, жеріне деген өлшеусіз махаббатттан сезінсек дейміз, соларға сенеміз. Өз басым Қазақстан спортшыларының әлемдік спорт сайыстарында, Олимпиадалық жоғары спорт ойындарында Еліміздің көк Туын желбіретіп, Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранын асқақтатып тұрған сәттерін көргенде ерекше тебіренемін, толқимын. Олардың жүзінен «Осы жеңісімді, Отаным, саған арнадым!» деген жазуды үнемі оқысам деймін.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет халықаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастың тәжірибесінде тарихи қалыптасқанын және ресми орнықтырылып отыратынын білеміз. Мемлекет басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде сол елдердің әнұрандары орындалады. Бұл – бір мемлекеттің екінші мемлекетке ресми түрде көрсеткен жоғары дәрежедегі құрметі.
Шетелдердегі әртүрлі ресми іс-шараларға, Парламентаралық мәжілістерге қатысқанымызда да Мемлекеттік туымыз жанымызда тұрады. Туымызға құрмет – елімізге құрмет екенін талай-талай мәртебелі жиындарда сезініп жүрміз. Мәселен, ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының отырыстары Санкт-Петербург және басқа қалаларда жылына екі рет өткізіліп жүр. Әр елдің Парламент депутаттары осы жиынға келіп қатысқанда, өз елдерінің тулары қатар-қатар тізіліп тұрса ғана мәжілістің шырайы еніп, жоғары деңгейдегі ресми сипат алады. Әлемнің көптеген елдерінде болып жүргенде бір байқағаным, Жер шарының қай түкпірінде де Қазақстанымның көк Туы маған ерекше ыстық. Осындай сезімді менің көптеген әріптестерім де бастан кешетіндерін айтады. Тіпті, біздің Мемлекеттік туымызға ұқсайтын басқа елдердің туының жоқтығы – Қазақстанның тағы да бір ерекшелігі. 2008 жылы Нью-Иоркте, Біріккен Ұлттар Ұйымында болғанымда, оған мүше елдердің тулары арасында елімнің көк байрағы ерекше желбіреп тұрғанын көргенде, қазақ мемлекетінің әлемдік қауымдастықта ерекше орны бар екендігіне көзім жетті. Бұл – Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет құрудағы, оны дамытудағы, елімізді әлемдік деңгейге көтерудегі зор еңбегінің нәтижесі.
Рәміздерге байланысты қадағалау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуі керек. Мемлекеттік мекеменің маңдайшасына көк Туымызды қададың ба – енді оның түсі оңып кетпеуін, бүлінбеуін, биікте желбіреп тұруын бақылауға міндеттісің. Кейбір мекеме басшылары көк туы боз туға айналып кеткенше мән бермейді. Кейбір мемлекеттік мекеменің басшылары тудың, елтаңбаның жұмыс бөлмелеріндегі ережеге сай белгіленген орындарын да ауыстарып алып жатады. Бұл ұсақ-түйек емес қой. Мемлекеттік рәміздерге құрмет мемлекеттік қызметші үшін оны қалай ұстап, қалай пайдалануды білуден бастау алса керек. Кей кезде ірі спорт жарыстарында жеңіске жеткен спортшы қуаныш үстінде қолындағы Мемлекеттік туымызды тастай салып, жанкүйерлерімен құшақтасып жатқанын көргенде еріксіз қынжыласыз. Тәрбие табалдырықтан басталады. Сырт көз сынай қарап отырғанда қолыңдағы туға жай бір зат ретінде қарамау керек қой.
Рас, елордамыз Астанада, Алматыда, барлық облыс, аудан орталықтарындағы мемлекеттік мекемелерде елдігіміздің рәміздері көзге айрықша шалынып тұрады. Мен мұны сайлаушыларыммен кездесулерге барған өңірлерімде де жіті байқап, осы қалай дейтін ойласатын тұстарды үнемі айта жүруді өз парызым деп білемін.
Мемлекеттік туымыз біреу-ақ. Біз унитарлы мемлекетпіз. Ендеше Көк тудың астына тағы бір ту тігіп, жалау желбіретіп, бөлінгісі, оқшауланғысы келетіндерге жол берілмеуі керек. Астананың қақ ортасында биіктігі 115 метрлік (матасының ұзындығы 30 метр, ені 15 метр) ғажап Көк туымыз желбіреп тұр. Бұл Мемлекеттік туымызға айырықша құрметтің белгісі деп білген жөн. Дәл осындай Туға қойылған тірі ескерткіш әлемнің көптеген елдерінде жоқ. Мемлекеттік рәміздерді бәрінен де жоғары қоюдың шынайы үлгілері көп ғасырлар бойы қалыптасқандығымен мақтанатын Жапония, Ұлыбритания немесе Америка Құрама Штаттарындағы дәстүрлерді зерттеудің, зерделеудің де тағылымды болары сөзсіз. Ал өзіміз қолымыздағының қадірін білейік.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің биылғы аталып өтілетін 20 жылдығы қарсаңында біз Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеудің тамаша үлгілерін көрсетіп, оны ата салт-дәстүрлерімізбен сабақтастырсақ, бұл да біздің мемлекетімізге, ұлтымызға, елдігімізге қосқан үлкен үлесіміз болмақ.
© 2011 Егемен Қазақстан газеті
Жұма, 3 Маусым, 2011
№232-235 (26633)


















